Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Тамыз, 2020

743

Қарағанды: ҚХА медиация күніне орай виртуалды қабылдау өткізді

Қарағандыда облыстық Ассамблея «Бірыңғай республикалық медиация күні» аясында азаматтарға арналған виртуалды қабылдау өткізді.

Онлайн кездесуге кәсіби медиаторлардың, заңгерлердің, психологтардың кеңестерін қажет ететін тұрғындар қатысты. Олар өз өтініштерін Instagram желісіндегі - @mediator_krg или @kabinet_mediatsii парақшаларында, сондай ақ, Whatsapp желісіндегі номерге қалдыруға мүмкіндік алды. ҚХА кәсіби медиаторларының кеңесін тұрғындар тегін түрде алды. Олар өздерін мазалаған әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қойып, мамандардың ақыл-кеңесіне жүгінді. Атап айтқанда, отбасы мен некеге, несиені кешіруге, үй алуға, енбек дауларына, әлеуметтік көмек алуға және зейнетақы рәсімдеуге байланысты сауалдар талқыланды. Жалпы бұл күні облыс азаматтарының 20-дан астам өтініштері қамтылды және сәйкесінше ұсыныстар беріліп, шешу жолдары көрсетілді.


– Медиация бүгінде дауларды шешудің маңызды құралына айналуда. Адамдар дауларды медиация арқылы шешудің қаншалықты тиімді екенін түсіне бастады. Оның үстіне медиация бізге таңсық дүние емес, сан ғасырлар бойы қазақ даласындағы дауларды шешіп келген билер соты деуге болады, – дейді қорғаушы, ерікті медиатор Бақытжан Рахимов.

Шара модераторы және «Қоғамдық келісім» медиаторы Фариза Екишева:

– Біз бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарып жатырмыз. Өйткені, медиация - Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды бағыттарының бірі. Біз облыстың білім басқармасымен, облыстық сотпен, АХАЖ және полиция департаментімен тығыз жұмыс атқарамыз. Жалпы, жергілікті деңгейде судьялар мен медиаторлардың қатысуымен бірқатар онлайн-іс-шаралар жүзеге асты, – деп толықтырды.

Сондай ақ, ынталандыру мақсатында ҚХА белсенді медиаторлары қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен де марапатталды.

Кейін қарай