14 Наурыз, 2024
85
Абай облысында Наурызнаманың онкүндігі басталды
Көрісу - Амал мерекесі күні Абай облысының әкімі, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Нұрлан Ұранхаев этномәдени бірлестік және қоғамдық институт өкілдерімен кездесті. Аталған іс-шарада алдағы жоспарлар мен Наурыз мерекесін өткізу барысы талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Онкүндіктің әр күні мәдениетіміздің байлығын, құндылықтары мен қоғамымызлың әралуандығын көрсететуге арналған. Облыс көлемінде атап өту жоспарына сәйкес қайырымдылық, мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акциялар, жалпы қоғам өмірінің барлық салаларын қамту көзделген.
«Бүгін біз, өздеріңізбен бірге Ұлыстың ұлы күнін атап өту шараларының «тиегін ағытып», бастау үшін арнайы жиналып, көрісу – амал мерекесінде қауышып отырмыз. Әдетте бұл күні ата-бабаларымыз таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір-бірін мерекемен құттықтайтын. Абай елінде дәстүр жаңғыртып, игі бастама көтеріп жүрген өздеріңіз болғандықтан, ең алдымен, көрісуді халқымыздың ұйытқысы – Достық үйінен бастауды жөн көріп отырмын! Ұлы мұрамызды ұлықтап, ұлы тұлғаларымызға құрмет көрсетіп, ұл-қыздарымызды лайықты тәрбиелеп, Ұлыстың Ұлы күнін жоғары деңгейде атап өтейік!», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, жиында орыс әлеуметтік-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің басшысы Антонина Клиновицкая, «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің басшысы Лилия Гончарук, Абай облыстық «Қазақ тілі қоғамы» филиалы бірлестігінің төрағасы Оралғазы Шәріпбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Алин сөз сөйледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында «Асқарым бар ең биік әке деген» атты өңірлік әкелер форумы өтті
-
Жамбыл облысындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінде Ауған жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
-
Ақмола облысындағы жастармен жүздесу
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ӘЛЕУЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жамбыл облысында Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған іс-шара өтті
-
Ақтөбе облысында ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
вчера, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
24 Сәуір, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
24 Сәуір, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
24 Сәуір, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында «Асқарым бар ең биік әке деген» атты өңірлік әкелер форумы өтті
-
Жамбыл облысындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінде Ауған жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
-
Ақмола облысындағы жастармен жүздесу
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ӘЛЕУЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жамбыл облысында Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған іс-шара өтті
-
Ақтөбе облысында ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті