Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Ақпан, 2024

58

Жамбыл облысындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінде Ауған жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай этномәдени бірлестіктер мен «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері батырларды еске алды. Мәселен, Жамбыл облысындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінде Ауған жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Ауғанстан шекарасына қызмет еткен және қорғаған Жамбыл облыстық өзбек орталығының төрағасы Бахром Муминов өз сөзінде сол кездегі оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісіп, еліміздің өркендеуі үшін бейбітшілік пен бірліктің маңызын айқындап берді.

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет ретінде жастар белсенділері естелік сыйлықтар табыс ете отырып, ел ішіндегі ынтымақтастық пен тұрақтылықты сақтау үшін әрқайсысы өздерінің бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

Кейін қарай