Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Ақпан, 2024

58

Ақмола облысындағы жастармен жүздесу

«Еңбек адамы» идеясын ілгерілету мақсатында Ақмола облысында жастармен бірқатар кездесулер өтуде. Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, «Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» Ақмола облыстық филиалының төрағасы Анаргүл Мұхамедрахимова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында «Еңбек адамы» идеясымен байланысты өзекті тақырыптар, оның ішінде әділ еңбектің маңыздылығы, қоғамдық дамуға жеке үлес қосудың рөлі және қазіргі қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтің аспектілері талқыланды.

Кейін қарай