Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Ақпан, 2024

114

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың ҚХА жас мүшелерімен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен, шығармашылық сала өкілдерімен «галстуксіз» форматында кездесуі өтті.

Іс-шараға «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, журналистер мен блогерлер қатысты. Басқосуда жастар шығармашылық және медиа саласындағы идеяларымен бөлісіп, ойларын ортаға тастады.

Кездесу аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының креативті қоғамдастығы айналысатын жобалар талқыланып, қатысушылар Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған бірлескен идеялары мен бастамаларын дамыту жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.

Сондай-ақ Марат Әзілханов еліміздегі бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетуге қабілетті Қазақстан этностары өкілдерінің арасынан жарқын көшбасшыларды тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті.


Кейін қарай