Қазақстан халқы Ассамблеясы

2013

Солтүстікқазақстандықтар: Елбасының Жолдауы халықты жаңа бастамаларға жігерлендіреді

Елбасының биылғы Жолдауының тақырыбының өзі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып отырғандығы бізді, яғни Солтүстік Қазақстан облыстық Аналар кеңесі мүшелерін қатты қуантып отыр.

Әрбір әйел, әрбір ана ең бірінші отбасының берекесі мен қауіпсіздігін ойлайды, сол үшін күйіп-піседі, бар ғұмырын арнайды.

Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауына сәйкес экономикамыз дамып келе жатқан, бейбітшілік саясатын ұстанған прогрессивті, заманауи мемлекетте өмір сүрудеміз. «Ұлт жоспары» жасалды, рухани жаңғырудың жобаларын жүзеге асыруға белсенді кірісіп кеттік. Міне, енді еліміздің орнықты әл-ауқатын қалыптастыруда табысымыз бен тұрмыс сапасының артуына жаңа өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Ол үшін әрбір қазақстандық өзінің жеке кәсібімен айналысуы керек дейді. Қазақта «әр бала өз несібесімен туады»деген сөз бар. Жолдау осы сөздің өмірлік тәжірибеден алынғанын дәлелдеп тұр. Облысымызда өзінің жеке кәсібін ашып, дамытып отырған қыз-келіншектер қатары өсіп келеді.

Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты  басымдық ретінде көрсетеді.  

Мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды ерекше ықыласпен қабылдадық. Мектеп педагогтарын жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға мүмкіндік беретін «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылдауды тапсырғанын қатты қолдаймыз.

Білім сапасын халықаралық стандартқа сәйкестеу арқылы оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретіндігі туралы Елбасының ойлары мұғалім беделінің қоғамда одан әрі де көтерілетінін дәлелдеп отыр. Бірақ қаламызда үш ауысымда оқитын қазақ мектептері бар.  Елбасы назарынан бұл мәселе де шет қалмаған. Осы мәселені шешу үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырып отыр.

Балалардың қауіпсіз болуы үшін бейне бақылау құрылғыларының санын көбейту де көзделіп отыр. Елбасы бізден, яғни қарапайым халықтан рух аламын десе, біз Елбасының халқының көкейкесті мәселесін шешуге бағытталған бастамаларынан жігер аламыз, қолдаймыз, алға ұмтыламыз.

Зауреш Жиентаева

СҚО ҚХА жанындағы

«Аналар кеңесінің» мүшесі

 

 

«Педагогтың мәртебесі туралы» Заңды әзірлеу және қабылдау білім сапасына түбегейлі түрде әсер ететінстратегиялық шешім деп санаймын.

Педагог мәртебесін заңнамалық түрде тану – қоғамның рухани өмірінде  үлкен дәрежеге ие өз қызметінде  тәжірибеге бағытталған ғылым мен ғылыми орталыққа дәлденген тәжірибесін кіріктіретін педагог-зерттеушілер еңбек ететін  жаңартылған қазақстандық білім беру мазмұнының жағдайына ауадай қажет.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңды уақытылы қабылдау білім беру ұйымдарында педагогикалық мамандықтың тартымдылығы мен кадр саясатын арттыруға, өзінің жеке және кәсіптік деңгейін  үнемі  арттырып отыратын, білім беру стандартын жүзеге асыруға, мұғалімнің  мансаптық және кәсіптік өсуінің тетігін енгізуге ықпал етеді.

Ең ақырында, бұл Заң өзінің жеке және кәсіби деңгейін тұрақты түрде арттырып отыратын, қазақстандыққа өмір сүру салты ретінде сапаны қолдап отыруға мүмкіндік береді.

                                                        Алма Мурзалинова,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ

СҚО бойынша

филиалының директоры

 

 

Кейін қарай