Қазақстан халқы Ассамблеясы

8332

Салимхан Сабитов: Жолдауда мен сияқты мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілдерінің шет қалмағаны көңіл жұбатады

Қазір жер жерлерде Елбасымыздың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы  қызу талқыланып жатыр.

Осы орайда мен де өз пікірімді білдіргім келеді. Елбасы өз жолдауында еліміздің барлық азаматтарының тұрмыс тіршілігін жақсарту туралы міндет қойды. Бұл ретте мен сияқты мүгедек жандардың да түйткілдері шет қалмады.

Мен өзім өңірдегі Қазақстан халықтары ассамблеясының құрамына енетін «Қоғамық келісім» коммуналдық Мемлекеттік   мекемесінде бас маман болып еңбек етемін.

Мүмкіндігі шектеулі жан болғаныммен,  өзімді  қоғамның толыққанды азаматы санаймын.

Біздің Солтүстік Қазақстан облысында 26000 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Оның 10 мыңдайы мен секілді тірек қимыл  қозғалысы зақымдалған жандар. Алайда, олардың дені тағдырға мойымай, ешкімнен көмек сұрамай өз күнін өзі көріп отыр.

Мен  қазір  сондай жандарға арнап бірнеше жобаларды іске асырып жатырмын. Бұл жобаларды қаржыландыру жағынан еш мәселе жоқ. Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылармен қоса, қайырымды жандардан да қаржы түсіп жатыр. Оған әр түрлі қорлардан бөлінетін  гранттарды қосыңыз.

Сондықтан Елбасымыз Жолдауда халқымыздың тұрмысын  жақсарту керек дегенде, бұл шапағаттан мүмкіндігі шектеулі жандардың да шет қалмайтынына  сенімдімін. Мысалы, Елбасы өз Жолдауында біздей жандар үшін пәтерді жалға алу арқылы баспаналы болу туралы ой айтып өтті. Яғни,  бес жыл бойы аз ғана   пәтерақы төлеп, кейін оны жеке меншікке айналдыруға болады. Бұл Елбасымыздың біздей жандарға арналған үлкен сыйлығы десем де болады. Өйткені тағдыр тәлкегіне ұшырағандардың денін жұмыс пен баспана жағы қинайтыны белгілі.

Сондай-ақ, алдағы жыл Жастар жылы деп жарияланды. Бұл ретте де он екі мүшесі сау жастармен бірге мүмкіндігі шектелуі жастардың да құқығын, тағдырын шет қалдырмау керек деп санаймын. Оларға да өсуге, оқуға, өзін өзі дамытуға үлкен мүмкіндік  берілуі  керек.    

Сабитов Салимхан

 «Қоғамдық келісім» КММ СҚОФ бас маманы

Кейін қарай