Қазақстан халқы Ассамблеясы

6261

Күліш Төлеуханова: Президенттің көпбалалы аналарды шағын бизнеске тарту бағдарламасын әзірлеу туралы ұсынысын қолдаймын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Жолдауы еліміздің тарихында қалары сөзсіз.

Президенттің «Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен барлығыңызды мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын» деген сөздерінен еліміздің тағдырына бей-жай қарамайтын, әрбір азаматтарына сенім артқаны байқалады.

Президент халықты жан-жақты қолдауды ешқашан ұмыт қалдырмайды. Өзінің Жолдауында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, зейнетақыны, шәкіртақыны, мүгедектігі мен асыраушыларынан айрылғанына байланысты жәрдем ақыларды көбейту мәселелері үнемі назарында тұратыны жолдауда айқын көрсетілген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз сөзінде ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, азаматтық қоғамды қолдау, ішкі істер органдарына реформа жүргізу секілді мәселелерді сөзге тиек етті.

Әсіресе Мемлекет басшысының көпбалалы аналарды шағын бизнеске тарту бағдарламасын әзірлеу туралы ұсынысын қолдаймын. Өйткені, көпбалалы аналармен көптеген кездесулердің нәтижесінде үйде отырып табыс тапқысы келетін жас аналардың бар екендігі анықталды. Осындай санаттағы аналардың табыс табу деңгейіне жету мақсатында Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі өз жұмысын бастап кетті. Енді бұл жұмысқа Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе - үлкен жетістік болар еді. 

                                                                 Күліш Төлеуханова

Қарағанды облысы ҚХА 

Аналар кеңесінің мүшесі

Кейін қарай