Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қыркүйек, 2015

648

Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығы Бейжің бөлімшесінің белсенділерімен кездесу.

2015 жылғы 19 қыркүйекте ҚХА ҚР елшілігінің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов бастаған делегация қазақстандық студенттер қауымдастығы Бейжің бөлімшесінің белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар үш тұғырлы тілді дамыту концепциясы мен бес институтционалды реформалар маңызын талқылады. Студенттер Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі туралы өз сауалдарын қойды.

ҚХА делегаттары студенттерге қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік қазақстандық моделі туралы баяндады. Кездесу соңында қонақтар студенттерді шет елде Қазақстанды лайықты көрсетіп, болашақта отанға өз пайдасын тигізу үшін сапалы білім алуға шақырды.

Кейін қарай