Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Ақпан, 2024

134

​«Тоғызқұмалақ» ұлттық спорты бойынша жалпықалалық турнир

Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогы үшін «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорты бойынша жалпықалалық турнир ұйымдастырып, өткізді.


​​Шараны тележүргізуші және танымал блогер Иван Червинский жүргізді.

Турнирді аша отырып, Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы Қалдыбеков мүмкіндігі терең, өзіндік ерекшеліктері бар, мәдениет пен білімнің аса маңызды аспектілерімен тарихи сабақтас ұлттық ойындарды жаңғырту мен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпқой боксшы, Қытай халықтары Спартакиадасының екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2008), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Astana Arlans» (WSB) командасының капитаны Қанат Ислам құттықтау сөз сөйледі.

​Республикалық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті, Алматы қаласы бойынша «Тоғызқұмалақ» федерациясының президенті Әкім Тұрсын өз сөзінде мұндай ұлттық ойындар педагогиканың дәстүрлі құралы екендігіне тоқталды. Олар ақыл-ойдың, мінездің, ерік-жігердің, тапқырлықтың, т.б. дамуына үлкен әсер ететінін атап өтті.

​Мұндай дәстүрлі ойындарды өткізудің мақсаты – тарихи-мәдени, атап айтқанда этномәдени дәстүрлерді жаңғырту, өз халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың ата-бабаларының мәдениетіне құрметпен қарау, туған еліміздің өз халқының мәдениетіне деген қызығушылық, патриоттық көзқарасты қалыптастыру болып табылады.


​Турнир Алматы қаласы Алатау ауданы мектеп оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығында өтті. Оған қала мектептерінен 32 оқушы қатысты (әр ауданнан 4 оқушыдан). Бұл турнирге Алматы қаласы «Тоғызқұмалақ» федерациясының төрешілері төрелік жасады. «Тоғызқұмалақ» ойыны швейцариялық жүйе бойынша жылдам әдіспен 5 айналымнан тұрды.

​Турнирге қатысушылардың барлығына Алматы қаласының ҚХА кубоктары (жүлделі орындар), дипломдар мен алғыс хаттар, ақшалай сертификаттар және Ассамблея атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

​Ұлдар арасындағы жеңімпаздар:

1 орын ШӘКІРМАМАТОВА АЯНА (№118 мектеп-гимназия)

2 орын КӨПСЕКБАЙ МЫРЗАТАЙ (№201 мектеп-гимназия)

3 орын РАХМАНОВ МИРАН (№10 ОМ).

Қыздар арасында жеңімпаздар:

1 орын АМРАЕВА АЙЛЯ (№118 мектеп-гимназия)

2 орын ҮСЕНОВА АМИНА (№153 мектеп-гимназия)

3 орын МАЛЫШЕВА ВИКТОРИЯ (№10 ОМ).

​Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіруге ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастырып, тұрақты негізде көптеген жұмыстарды атқаруда.


Кейін қарай