31 Қазан, 2020
524
Тіл –тек қана коммуникация емес, тіл – мәдениет, тіл – зиялылық
Біздің Отаншыл, патриоттық азаматтарымыз, бүгінгі форумның мәні де, аты да, заты да ерекше. «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» Ассамблеяның төрағасына, Елбасымызға, Жансейіт Қансейітұлына осындай жақсы, мәдени деңгейде жиын өткізіп жатқанына, біз білім саласына Елорда зиялыларының атынан рахмет айтқымыз келеді. Шыңында да, заман өзгерді, түсінік өзгерді. Түсінік деген не? Әлем бірін-бірі қазір алақанындай көреді.
Әлемдегі түсінікке біз ықпалдастық, қазір ұлт, этнос, мемлекет деген ұғымдардың бәріне жаңа сипат берілді. Қазір ұлт пен мемлекет деген бір сипаттағы сөз. Біздер «Ұлт» дегенде Қазақстан мемлекетін айтамыз. «Ұлттық тіл» дегенде, Қазақстан мемлекетінің тілін айтамыз. Сондықтан, сіздер бүгінгі сөздеріңіз арқылы, қазір 9 азамат, мен әрбір сөздеріңізді тыңдап отырдым, білім саласының азаматымын. Егер, сіздерге бес балдық жүйемен бағалау болса, бәріңізге «Бес» қоятын едім, немесе бүгінгі жүз балдық жүйемен болса, бәріңізге «Жүз» қоятын едім. Себебі, сіздердің көңілдеріңіз де, ойларыңыз да, әбден қайнаудан шыққан жүректеріңіздің сафаланған және де сіздер мұндай форумға, жиындарға бірінші рет қатысып жатқан жоқсыздар. Өмірдің өзі – сіздерді осындай жағдайға алып келді. Бұл жақсылық!
Ал енді, бір кезде тілді «Коммуникация» деп айтатын. Бұл «Байланыс» деген, байланыс құралы жоқ. Біздің ғұламаларымыз, зиялыларымыз айтады: «Тіл –тек қана коммуникация емес, тіл – мәдениет, тіл – зиялылық! Сіз қаншалықты зиялы болсаңыз, соншалықты тілді, әсіресе мемлекеттің тілің білгеніңіз! Жаңа араларыңыздағы азаматтарды сынап жатырсыздар ғой, дұрыс замандастарымыз арқылы түрлі-түрлі жастар бар, олар «Мәдениетсіз» дегенді көрсетеді, ұлтына қарамаймыз мәдениетсіз. Ол мәдениетті кезде, адам мәдениетін көтере алады.
Ахмет Байтұрсыновтың әдемі сөзі бар, «Жақсы алғашқысы, жаман қалады». Сіздер жақсысыздар, алға шығасыздар, жаман адамдар өздері қалып қояды. Себебі, ол тілді, мәдениетті, тарихты, басқа да біздің ұлттық құндылықтарымызға байланысты дүниелерді не білмеді, не менсінбеді немесе білетін уақытта Абай айтқандай, қолын кестірмек болды.
Ал енді, біз енді Ассамблея туралы көп айтамыз. Ассамблея ол – айрықша алаң, айрықша зиялылықтың алаңы. Бұндай алаңға жеткеңдер де бар, жетпегеңдер де бар, міне мемлекеттерді айтамыз түрлі. Осында үлкен ағаларымыз отыр, әлемді аралап жүрген, әлемдік зиялылармен пікірлесіп, ойласып жүрген. Мен сонда, араласамыз ғой, сұраймыз, айтамыз бір-бірлерімізге. Мысалы, біз Қазақстанда туамыз, қазақ болып жарылдық. «Қазақ» деген сөздің этнонимінің өзі «Еркін», «Еркіндік» деген сөз. Бүгінгі тілмен айтсақ, «Демократия» деген сөз. Одан біз, тек одан байымасақ, тек одан сөздік қорымызды байытпасақ, ешкімге душар болмай.
Ал енді, жаңағы «Ұлы Дала» деген сөз, «Ұлы Даланың жеті қыры» деп айтты Елбасымыз. Саналап айтты, қарасаңыздар, өркениеттің бір тоғысы осы жерде. Біз кезінде жылқыны ойладық, бұрында мына Иранды үйреткен, осыдан 3000 жылдай айтып отыратынбыз. Міне, Ботайда оны зайдыр оған тапқан азаматты, біздің өзіміздің тамырымыз, ғалымымыз. Міне, біздің «Жылқы» деген азаматтың бір өркениетке қарай ат салысуы, өркениетке қарай жылжуы. Қарасаңыздар, бұның барлығы – бір өркениеттің тоғысы, өркениеттің жинақталуы осы Еуразия даласында, біздің қазақ жерінде өткен бүгінгі. Сондықтан да, жаңағы біздің ескерткіштердің барлығын да айтқан кезде, біреуін де айтпайды. «Бір-біріңмен жау бол демейді, бір-біріңмен тату бол, бір-біріңмен сыйлас бол, елдің қамын ойла, елдің бірлігін ойла» дейді. Сол бірлік – бүгінгі Ассамблея, бүгін Жансейіт Қансейітұлы келіп, үлкен тәжірибесімен бөлісіп, осы алаңға жиналып отырған барлығымызды, әлі де мұндай ғылымның да білімнің де, өздеріңіз сияқты тәжірибеңізді енді жинақтаған жастардың да бас қосатыны бар. Бұл алаң әлі де сатылана береді, сіздермен сатыланады!
Дихан Қамзабекұлы
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
Ерлан Қарин: Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Марат Әзілханов ҚХА жастар қанатының мүшелерімен кездесті
-
Қостанай Халықаралық орамал күні алғаш рет атап өтілді
3 Мамыр, 11:46
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
8 Мамыр, 02:13
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
7 Мамыр, 08:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
вчера, 11:53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
вчера, 11:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
Ерлан Қарин: Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Марат Әзілханов ҚХА жастар қанатының мүшелерімен кездесті
-
Қостанай Халықаралық орамал күні алғаш рет атап өтілді