14 Наурыз, 2022
454
Түркістанда ЭМБ өкілдері Наурыз мерекесіне орай достық дастарханын жайды
Түркістан облысындағы этнос өкілдері Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті. Өңірдегі «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігі мейрам қарсаңында достық дастарханын жайып, ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырды.
Сайрам ауданында өткен мерекелік шараға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктің мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Салтанатты жиында сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева жиылған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтады.
– Наурыз мерекесі – елімізде тұратын барлық этнос өкілдерін ұйыстыратын, Қазақстан халқын одан әрі біріктіретін ерекше мейрам. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деген баталы сөзден басталатын мейрамның игілігі мен қуанышы ерекше. Бүгінгі өткізіліп отырған мереке өңіріміздегі этностар бірлігін нығайтуға өз септігін тигізері сөзсіз. Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз баршамызға құтты болсын! – деді Эльмира Ұласбекқызы.
Сонымен бірге, көктемнің жарқын мерекесімен Сайрам аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Амангелді Қабылбеков, Сайрам аудандық аналар кеңесінің төрайымы Үміткүл Мұратбекова да құттықтап, халқымызды ынтымаққа, бір-бірімізге қамқор болуға үндеді.
Шара барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері патриоттық әндер шырқап, би билеп, мерекенің ажарын аша түсті.
Мерекелік кештің соңында Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамиля Мустафаева «Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін! Әз Наурыз берекелі болсын» деп жылы лебізін білдіріп, көпшілікке алғысын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордалық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
25 Сәуір, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
24 Сәуір, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
24 Сәуір, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
24 Сәуір, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
24 Сәуір, 11:47
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ