04 Наурыз, 2022
448
Түркістанда Аналар кеңесі мүшелері марапатталды
Түркістан қаласындағы «Басқармалар үйі» ғимаратының мәжіліс залында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Әже өнегесі» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Жиынды Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова ашып, жүргізіп отырды. Алқалы басқосуға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшылығы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы, Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, Түркістан облыстық Қазақстан Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шарада сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы, алдағы бірлесе атқарар мақсат-міндеттер жайында айтып өтті.
Сондай-ақ, жиында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Ш.Прімбетова отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Бақыт – менің жүрегімде» тақырыбында және қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі туралы Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М.Ибрагимова сөз қозғап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Келелі кеңес ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Басқосу барысында басқарма басшысының орынбасары Дәурен Сариев қоғам тәрбиесіне белсене атсалысып жүрген аналарымызды 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А. Өсербаевтың атынан арнайы алғысхатпен марапаттады.
Жиынды қорытындылаған Дүйсенкүл Жамболова отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырып, аналық ақ батасын берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
-
Елордалық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті
8 Мамыр, 02:13
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
10 Мамыр, 19:20
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
7 Мамыр, 08:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
9 Мамыр, 11:53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
9 Мамыр, 11:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы