Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Ақпан, 2024

78

Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің лингвистика кафедрасында Герольд Карловичтің есімімен аталатын оқу аудиториясы ашылды

Герольд Бельгердің туғанына 90 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің лингвистика кафедрасында Герольд Карловичтің есімімен аталатын оқу аудиториясы ашылды. Қазақстан немістері Қоры мен университеттің бірлескен жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен және Қазақстан-неміс бизнес-клубының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.

Ашылу күні аудиторияға ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Сенаты депутаты Евгений Болгерт және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов келіп, осы бастамаға жоғары баға беріп, Г.Бельгердің қазақ пен неміс халқы арасындағы достықты нығайтуға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Іс-шараның құрметті қонағы ГФР-ның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Ақмола облысының білім басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы университет арасында университет базасында неміс тілі мұғалімдерін даярлау және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Кейін қарай