Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Желтоқсан, 2023

128

Павлодарда Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты XXVII сессиясы өтті

Бүгін Достық үйінде Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты XXVII сессиясы өтті. Сессия жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сессияны ашқан облыс әкімі Асаин Байханов Ассамблеяның ұлтаралық бірлікті нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті.

-Достық пен келісім - біздің мызғымас құндылықтарымыз. "Әралуандықтағы бірлік", "Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз!" - бұл жай ғана сөз емес, Қазақстанның ішкі саясатының мызғымас іргетасы, мемлекеттілігіміздің негізі,- деп атап өтті ол.

Өз кезегінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз орталықтарының қызметі жайлы айтып берді. Бүгінде облыстық ҚХА жанында этномәдени бірлестіктер, "Аналар кеңесі", "Ақсақалдар кеңесі" және "Ассамблея жастары" жұмыс істейді. Ассамблея кеңесінің қоғамдық орынбасарлары лауазымына Василий Рак пен Рамиль Смайылов ұсынылды.

Кейін қарай