14 Қыркүйек, 2023
199
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ
2023 жылғы 13-14 қыркүйекте Павлодар қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Коммуникацияның заманауи технологиялары» және «Этномәдени ортада коммуникацияның тиімді стратегиялары мен тактикалары» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырды.
Семинар-тренингке Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының қонақтары мен лекторлары қатысуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға коммуникациялық процестің ерекшеліктерін түсінуге көмектесу және оларды әртүрлі этномәдени топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауға үйрету.
Бірінші күні Қазақстанның 13 облысынан жиналған тыңдаушылармен ҚР Президенті Академиясының лекторы, журналист, «Қымбат сөйле» шешендік курсының авторы Салтанат Оңғар жұмыс істеуде. Ол «Коммуникацияның заманауи технологиялары» және «Этномәдени ортада коммуникацияның тиімді стратегиялары мен тактикалары» тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізуде.
Семинар Достық үйіне экскурсия жасаудан басталды.
- Мен коммуникация бойынша жаттықтырушымын және білім беру бойынша журналистпін. Кез-келген салада сіз қарым-қатынас жасай білуіңіз керек. Біз жаңа трендтерді түсіндіреміз – ойларды қалай қысқа және нақты тұжырымдау және білдіру керек, басқалардың сезімін ренжітпей, өз шекараларын қалай белгілеу керек, өзіңізге қалай сенуге болады деген сұрақтарға жауап беруг тырысамыз. Тренинг тыңдаушылары өзін еркін және сенімді ұстауды үйренеді. Олар менімен бірге барлық техниканы пысықтайтын болады, - деді Салтанат Оңғар алғы сөзінде.
Павлодарға білімін пысықтауға келген Жетісу облысының қытай этномәдени бірлестігінің өкілі Людмила Мазова өз сөзінде:
Менің анам Қазақстанға бала кезінде келді. Мен Қазақстанда дүниеге келген қытайлық әйелмін және бұл менің Отаным, мұнда біз дәстүрлерімізді сақтап, ұлттық мерекелерімізді өткізе аламыз, тілдерді үйренеміз және бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық этностар үшін өте маңызды! Көшпелі семинар жайлы айтар болсам, мұнда біз қоғаммен коммуникациялар құрудың соңғы трендтері туралы жаңа білім алдық, олар біздің жұмысымызда міндетті түрде өз қолданылуын табады. Сондай-ақ, іс-шараның тағы бір ерекшелігі семинарлармен қатар жүретін тәжірибе алмасу мүмкіндігі. Яғни, біз басқа аймақтардағы достық үйлерінің қалай жұмыс жасайтының, мұнда қандай артықшылықтары бар екенін көріп отырмыз, - деп сөзін қорытындылай келе, ол ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді.
Оқыту семинарының қорытындысы бойынша әрбір қатысушы коммуникация бағыты бойынша біліктілігін арттыруды растайтын сертификат алады.Сондай-ақ, дәрістерден бөлек қонақтарға Павлодар қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде
8 Мамыр, 02:13
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
10 Мамыр, 19:20
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
7 Мамыр, 08:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
9 Мамыр, 11:53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
9 Мамыр, 11:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде