Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Тамыз, 2021

452

Оралда медиация тақырыбына арналған іс-шара ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021 жылғы 5 тамызда БҚО Татуласу орталығында ҚР «Медиация туралы» Заңының 10 жылдығына және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің 5 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараға БҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Жамал Ықсанова, БҚО Татуласту орталығының басшысы Алуа Рахишева, Татуласу орталығының қызметкерлері, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі Аққайын Балықова, БҚО ҚХА кәсіби және қоғамдық медиаторлары, «БҚО Медиаторлар одағы» ЗТБ, аудандық ішкі саясат болімдерінің, білім беру саласының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері – барлығы 95 адам қатысты.

Диалог алаңы барысында қатысушылар медиацияның қалыптасу кезеңдері туралы бірқатар мәселелерді егжей-тегжейлі айтып берді, БҚО ҚХА медиация бөлімінің жетістіктері мен нәтижелері туралы әңгімеледі, жергілікті жерлерде медиацияның дамуына талдау жасады және өңірдегі медиация институтын дамытудың маңызды тақырыптарын талқылады.

Кейін қарай