Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Тамыз, 2023

325

Қонаев қаласында «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2023 жылдың 16 тамызында Қонаев қаласында «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, этносаралық қарым-қатынас арналары мен алаңдарын кеңейту, Қазақстан халқы бірлігінің тарихи, саяси және рухани-мәдени арқауы ретіндегі біріктіруші рөлін арттыру болды.

Алматы облысы ішкі саясат басқарамасының Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі - Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Кожекеев Алихан Әлімұлы «Қазіргі кездегі ҚХА қызметінің және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері» туралы алғысөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан республикалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Долкунтай Абдухелил, «Қоғамдық келісім» КММ директорының м.а. Тәңірбергенова Айымжан Кәріпжанқызы, облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Беспаев Амангелді Данибекұлы, «Қазақстандық ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысындағы филиалының төрағасы Джумабаев Аркенжан Курбанджанович сөз сөйлеп, қоғамда азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, сондай-ақ этносаралық шиеленістің алдын алу мәселелері, этносаралық қарым-қатынастарды, түрлі этностар өкілдері арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамыту үшін бірлескен іс-шаралар өткізу және ақпараттық қамту қажеттігін баса айтты.

Шараға облыстық, аудандық, қалалық ұйғыр этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен белсенділері қатысты.


Кейін қарай