Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Мамыр, 2022

878

«Бірлігіміз жарасқан!»

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан!» атты іс-шара ұйымдастырлды.


Қазақстан халқының бірлігі күні, біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы әр ұлт халықының арасындағы мызғымас достықты, өзара түсіністікті, бейбітшілік пен келісімді білдіретін еліміздің маңызды мерекелерінің бірі!

Мереке Достық үйінде басталды, онда этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жастар жиналды.

Іс – шараның шымылдығы СҚО ҚХА төрағалары Шыңғыс Құрбанов пен Жабраил Елмұрадовтың құттықтау сөзімен ашылды. Әзербайжан және шешен этномәдени бірлестіктерінің төрағалары барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстан халқының болашақ ұрпаққа аманат етілуі тиіс ең басты құндылығы –бірлік екенін атап өтті.


Концерттік бағдарлама шығармашылық ұжымдар мен этномәдени орталықтар әртістерінің қатысуымен дайындалды. Мәселен, сахнада Қазақстанның полиэтникалық халқының мәдени байлығын көрсететін шығармашылық нөмірлер ұсынылды. Алғаш рет "Алтын жас" белсенді ұзақ өмір сүру орталығының вокалдық және хореографиялық үйірмесі үлкен сахнада дебют жасады.

Іс-шара жоғары көңіл-күй, қызу ынтамен өтті. Мереке қонақтары әртістерді қошеметпен қарсы алып, үлкен ризашылықпен шығарып салды.

Концерттік бағдарламамен бір уақытта Петропавл қаласының басты көшесі - Қазақстан Конституциясы көшесінде "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының жастары Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп акция ұйымдастырды. Өтіп бара жатқан адамдарға 1 мамыр мерекесі, Қазақстан тарихы туралы сұрақтар қойылды, сондай-ақ олардан түрлі тілдерде сәлемдесуді және қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауды сұрады. Өз кезегінде өтіп бара жатқан адамдарға түрлі этностардың ұлттық тағамдары салынған сыйлық қалташалары табыс етілді.


Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу әрі қарай Петропавл қаласының орталық алаңында жалғасын тапты. Петропавл тұрғындары мен қала қонақтары үшін облыстың үздік шығармашылық ансамбльдерінің, соның ішінде "Славянки" триосы, "Самғау" вокалдық тобы және танымал өнер иесі Ильдар Сисанбаевтың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жаңбырлы ауа-райына қарамастан, мереке қонақтары аниматорлармен бірлікте билеп, вокалистермен түрлі тілдерде сүйікті әндерін шырқады, түрлі ойындар мен конкурстарға қатысты.

Мерекенің жүргізушісі, "Дуслык "Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ильдар Сисанбаев көрермендерге ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды, көрермендер арасында ойындар ойнатып, би билетіп, вокалдық әндер айтқызумен қатар, тіпті, поэтикалық байқауларға тартты. Барлық қатысушыларға естелік бұйымдар таратылып, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеудің соңғы кезеңі "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы ұйымдастырған "Dostyq mall" сауда-ойын-сауық орталығындағы балалардың мәдени-ойын-сауық бағдарламасына ұласты.

Этномәдени бірлестіктер қазақ, орыс, украин тілдерінде түрлі этностардың билері мен әндерінен құралған шығармашылық нөмірлер дайындады. Ал балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыруға "Брейкданс және акробатика мектебі", №8 эстетикалық тәрбие мектебінің оқушылары, сабын көпіршіктерінің шоуы, сондай-ақ аквагрим қатысты.

"Радуга" ЖШС барлық қатысқан балаларға тәтті сыйлықтар тарату жағынан демеушілік жасады.


Кейін қарай