Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Сәуір, 2023

581

«Бір шаңырақ астында» акциясы аясында киіз үй орнатылды

2023 жылғы 26 сәуір күні «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» күн тәртібі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы, сондай-ақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында «Бір шаңырақ астында» атты киіз үй құру акциясы өтті.

Іс-шара Қазақстан халқының бірлігін, үйлесімді этносаралық қатынастарды, туған ел, Отанды бейнелейтін қазақтың қасиетті символына құрмет көрсету мақсатында өткізілді.
Акция ортақ шаңырақ астында ұлттың бірлігін, Отан игілігі үшін қазақстандықтардың бірлескен еңбегін, әр адамның елдің дамуына қосқан үлесі мен атсалысуын білдіреді.
Салтанатты іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.


Кейін қарай