Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Шілде, 2020

833

«Балалардың қазақ тілін оңай меңгеруі үшін жұмыс жасап келемін»

Қазіргі техника даму заманында әртүрлі тақырып аясында чат-боттар мен марафондар ұйымдастырылуда. Осы жүйеде тіл төңірегінде де онлайн топтар ұйымдастырып, адамдарды қызықтырса, қазақ тілін үйренуге де қызығушылық пен сұраныс өсер еді. Бірақ қазақ тілін үйренуге және сол тілде оқытуға келетін болсақ, тіліміздің грамматикасын, лексикасын және орфографиясын дамытуға арналған бірынғай жол болмағандықтан, осы тіл оқу тұрғысынан күрделі қабылданады.

Осы орайда атап кететінім, Президент өз сұқбатында, бастауыш сынып бағдарламасындағы пәндер қатарына қазақ тіліне басымдық беруге де тоқталған. Бұл дегеніміз - кемел келешекке білімді жастың кірпішін қалау бағытында рөлі зор екендігін де екшелеп тұр. Қазіргі таңда Қарасай ауданының Қошмамбет ауылында бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілінде оқытып жүрмін. Тіліміздің грамматикасын меңгеруде түрлі әдістерін жинатудамын.

Техника заманы болғанына қарамай, балаға ойын қызық, сондықтан «Қазақ тілі сабағын меңгеруде үстел ойындарын қолдану» әдістемелік нұсқаулығын дайындадым. Мысалы, «нарды» ойынын балаларға түбір сөз бен қосымшаларды (жұрнақ пен жалғауды) дұрыс жалғауды үйренуде қолдануға болады және үстел «джанго» ойынын да сөздік қорын дамыту мақсатында тиімді қолдануға болатыны бойынша әдістемелі ұсыныстар дайындалуда (жетекшім Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы ф.ғ.д., профессор). Бұл жұмыс балалардың тіл меңгеруге қызығушылығын арттырады және грамматикалық сауаттылығын дамытуға үлесін қосады деген үміттемін.

Эльнара Таштанова,

Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет мектебінің ұстазы


Кейін қарай