Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қыркүйек, 2023

223

Б. Баяхунов шығармашылығының мерейтойлық кеші

15 қыркүйекте Алматы қ. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы Е.Рахмадиевтің үлкен концерт залында композитор, профессор, қоғам қайраткері Бакир Яхиянович Баяхуновтың музыкалық шығармашылығының мерейтойлық кеші өтті.

Шығармашылық әлемде Б.Баяхунов дүнген этносының өкілі, әрі оның алғашқы кәсіби композиторы болып табылады. Композитордың көптеген шығармаларында этностың ерекше бейнесі мен кәсіби музыканың байланысы айқын көрініс тапқан.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан 90 жылдық мерейтойына арналған құттықтау мекен-жайы оқыған болатын.

«Сіздің шығармашылық мұраңыз бен әріптестеріңіз Ғазиза Жұбанова, Құддус Қожамияров, Еркеғали Рахмадиевпен бірлескен музыкалық өңдеулеріңіз, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар –халқымыздың баға жетпес сыйы және барлығымыз үшін үлкен маңызға ие», - деді М.Әзілханов.

Мәдениет және ақпарат Министрі Аида Балаеваның атынан «Еңбек ардагері» медалін, сондай-ақ мерейтой иесіне құттықтау мекен-жайын МАМ этносаралық қатынастарды дамыту Комитетінің Төрағасы Ғалым Шойкин табыс етті, ол мерейтой иесінің еліміздегі дүнген мәдени орталығының бірінші төрағасы болғанын, басқа этностардың көрнекті өкілдерімен бірге Қазақстандағы этносаралық өзара іс-қимыл мен сыйластықтың тамаша дәстүрлерін қалағанын атап өтті.

Іс-шараның шарықтау шегі «Бакир Баяхунов Фортепианоға арналған Соната» атты 5 кітаптан тұратын жинақтың тұсаукесері болды, оның салтанатты тұсаукесері үшін сахнаға М.Әзілханов пен кәсіпкер, меценат Қ. Масаншы шақырылды.

Әрі қарай мерейтойлық кеш композитордың музыкалық шығармашылығымен жалғасты.


Кейін қарай