Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Ақпан, 2023

324

«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні»

2023 жылғы 3 ақпанда Медиация кеңесі отырысының 2022 жылғы 5 тамыздағы хаттамасын орындау аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтар арасында туындайтын даулар (жанжалдар) бойынша мәселелерді реттеу мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні» республикалық акциясы өткізілді.

Бұл акция сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, 14 медиация кабинетінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен жұмыс істейтін 71 диалог алаңында өтті. Акцияға 105 адам қатысты, оның ішінде: 75 кәсіби және 30 қоғамдық медиатор қатысып, 519 өтініш білдірушінің сұрақтарына жауап берді. Өтініш берушілердің жасы - 19-дан 70 жасқа дейін.

Өтініштер түскен негізгі мәселелер-отбасылық-некелік қатынастар, әке болуды анықтау, еңбек даулары, шарттық міндеттемелер, жер, тұрғын үй алу, зейнетақы ресімдеу, заңды тұлғалар арасындағы коммерциялық медиация, тұрғын үй мәселелері (жекешелендіру, сату).

Науқан қорытындысы бойынша консультацияға – 248 өтініш, медиативтік келісім жасасуға – 23, қарауда – 207 өтініш қаралды.

Этносаралық жанжал жағдайлары бойынша өтініштер түскен жоқ.

Республикалық акцияға ҚХА мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам институттарының, қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

ҚХА медиаторларының жұмыс сапасын арттыру мақсатында акцияға қатысушылар ҚХА медиация кабинеттері мен медиаторларының жұмысын жақсарту үшін этно медитация саласындағы сарапшылармен семинар-тренингтер, дәрістер, онлайн-конференциялар өткізу, аудан орталықтарында медиаторлардың, психологтардың және билер кеңесінің жұмысы үшін арнайы Татуласу орталығын ашу , отбасылық қатынастарда, атап айтқанда жастар ортасында медиацияны белсенді насихаттау, ҚХА медиаторларының, заңгерлердің және басқа да мамандардың халықпен көшпелі кездесулерін ұйымдастыру сияқты көптеген ұсыныстар енгізілді.

Кейін қарай