Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Желтоқсан, 2023

170

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУШЫЛАР ЖӘНЕ ВОЛОНТЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен қайырымдылық жасаушылар және волонтерлермен кездесу өтті. Кездесуге облыстық ҚХА-ның қайырымдылық жасаушылар мен волонтерлер, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, облыстық этномәдени бірлестіктерінің, «Ассамблея жастары» ұйымының, облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесудың модераторы – «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов болды. Қайырымдылық пен волонтерлік бағытында 2023 жылда атқарған жұмыстар туралы «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы, қайырымдылық кабинетін үйлестіруші Нұргүл Ақсақалова баяндама оқыды.

Іс-шара барысында неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Ирина Шек, облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының арнайы өкілі Оразали Маденов, жеке кәсіпкер Айдана Ерболатқызы, Ассамблея жастарының облыстағы төрағасы Елизавета Есмаева сөз сөйледі. Осыдан кейін кездесу қатысушылар пікір алмасты.

Кездесу соңында қайырымдылық шараларды ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін бірқатар азаматтар «Қоғамдық келісім» КММ директорының Алғыс хатымен марапатталды.



Кейін қарай