Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Желтоқсан, 2021

314

Атырауда интернационалды отбасылардың фестивалі ұйымдастырылды

Атырау қаласының Достық үйінде интернационалды отбасылардың «Берекелі шаңырақ» фестивалі өтті.

Айтулы іс-шараға Атырау облысының аудандарынан әртүрлі ұлттардан тұратын жеті отбасы қатысты. Олар: Жылыой ауданынан Есеевтер, Индер ауданынан Мақсұдовтар, Мақат ауданынан Рахимовтар, Қызылқоға ауданынан Стомма отбасы, Құрманғазы ауданынан Ким Отбасы, Махамбеттен Дюсуповтар және Атырау қаласынан Лян отбасысы.


Олар шара барысында өз этностарының бай тарихын таныстырып, ұлттық киімдерін дәріптеді. Сол сияқты бар өнерлерін ортаға салды.

Фестивальге қатысқан әр отбасы қоғамдағы бейбітшілікті сақтап, елдегі бірлікті дәріптегені үшін облыс әкімінің орынбасары атынан естелік сыйлық пен алғысхаттар алды.


Кейін қарай