Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қазан, 2023

359

Шымкентте «Достық дастарханы» халықаралық палау фестивалі өтті

Шымкент қаласында Республика күніне орай «Достық дастарханы» халықаралық фестивалі өтті.

Іс-шараны Қазақстан халқы ассамблеясы және «Дустлик» қауымдастығы, Өзбек этномәдени бірлестігі бірлесе ұйымдастырды. Фестивальге аудан әкімдері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары, балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.


Халықаралық фестивальдың негізгі мақсаты ұлтаралық татулықты дамыту, бір дастархан басында этнос өкілдерінің басын қосу, өзбек халқының ұлттық тағамы палауды дайындауды кеңінен үйрету.

Іс-шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан келген 44 аспаз қатысты. Олар палаудың 44 түрін дайындады. Фестиваль соңы өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты. Палау басудан үздіктер қатысқан байқауда аспаздардың шеберлігі сынға түсті.


Фестиваль 2010 жылдан бастап өткізіліп келеді. 13 жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған іс-шарада барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталады.



Кейін қарай