Қазақстан халқы Ассамблеясы

1 наурыз - Алғыс айту күні

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың Алғыс айту күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанатты іс-шарасында сөйлеген сөзі


2019 жылдың 1 наурызы

Қайырлы күн, құрметті қатысушылар!

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2016 жылдан бері 1 наурызда Алғыс айту күні аталады. Біз биыл мерекені төртінші рет атап өткелі отырмыз.

Бұл – ерекше мереке!

Алғыс айту күні – тарихымызға тағзым ететін күн.

Бұл – қайырымды болу, жақсылық жасау – адамның ең жақсы қасиеті екенін көрсететін күн.

Алғыс айту күні – Қазақстандағы барша ұлт өкілдерінің бір-біріне қолдауы мен құрметі зор екенінің айғағы. Бұл – ел бірлігін нығайтатын мереке.

Алғыс айту күнінің этносаралық өзара іс-қимылдың бірегей институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен сәйкес келуінің астарында терең мән бар.

Жыл сайын Алғыс айту күнін бүкіл республика бойынша халық жаппай мерекелейді. Қайырымдылық жәрмеңкелері, акциялар мен концерттер өткізіледі.

Сегодня по республике проводится 1569 мероприятий с участием почти полутора миллиона человек.

Во Дворце мира и согласия столицы по традиции проходит центральное мероприятие.

Сегодня здесь организована выставка-экспозиция «Қымыздан қуат алған біртұтас ел», посвященная КУМЫСУ – национальному напитку казахского народа.

Напитку, вкус и запах которого напоминают многим казахскую землю, ставшей родной в годы лихолетья.

Көрмеге келушілерге экспозицияда тұрған қарапайым текеметтің жер аударылғандар үшін қымбат бұйым екенін айтқымыз келеді.

Биылғы жылы мерекенің негізгі арқауы жылқы болып отыр. Ол Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы атқа міну мәдениетімен, жылқының тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қол­ға үйретілгенін дәлелдейтін пікірмен үндеседі.

Сіздер адам жылқыны қолға үйреткен Солтүстік Қазақстан облысындағы жылжымалы «Ботай» көрмесінің экспонаттарын тамашалай аласыздар.

Қымыздың қасиеттерін зерделеуге бағытталған ғылыми жұмыстармен, біздің қымыз өндірушілер жасап шығарған өнімдермен танысасыздар.

Әрине, сіздерге қымыздан ауыз тию, бауырсақтан дәм тату ұсынылады. Осы Алғыс айту күнінің символына айналған құрт та ұсынылады.

Сегодня здесь также пройдет благотворительный концерт «МЫҢ АЛҒЫС».

День благодарности – это особенный праздник.

Уверен, что для казахстанцев, благодарность – это не просто чувство признательности, это – фундаментальная ценность народа.

«Добро не забывается» говорит народная мудрость.

Еліміздегі ерекше мәні бар мерекені бірге тойлайық, отандастар!

Қазақ жерінде табысып, туыс болып кеткен біртұтас халық, мереке құтты болсын!!!


Возврат к списку