ШҚО-да Еріктілер жылына арналған онлайн-концерт өтті
Шығыс-Қазақстан облысының Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы қызықты онлайн-концертімен қуантты. Instagram аккаунтының парақшасында көрермендер Еріктілер жылына арналған «Бірлік - біздің күшіміз» онлайн-концертінің тікелей эфирін тамашалай алды.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілер тобы әр түрлі қайырымдылық және экологиялық шараларға қатысатын азаматтарға және табиғатқа шын жүректен қамқорлық жасайды.
Патриоттық әндер, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау, этникалық билер, жанға жайлы және терең күйлер - осының бәрі махаббат пен достықта өмір сүретін мәдениеттердің алуан түрлілігін көрсетті. Волонтерлерге пандемия аяқталысымен Алғыс хаттар табысталады.
28 Сәуір, 19:36
«Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті
29 Сәуір, 10:51
Алматы облысында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті
27 Сәуір, 18:46
Президент қалалық сенбілікке қатысты
27 Сәуір, 17:56
Елордалық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді
1 Мамыр, 09:59
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы