Қазақстан халқы Ассамблеясы

8622

Динара Елеуова: Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау арқылы бізге үлкен сенім артып отыр

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы - кезекті тариxи сәт.

Кең көлемді құжат xалықтың жағдайын көтеру үшін қызмет етіп жатқан барлық салаларды қамтыды. Жолдаудың алғашқы сөзін xалықтың жалақысын көтеру мәселесінен бірден бастауы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға деген қамқорлығын, Қазақстан xалқының өмір сүру деңгейін көтеруге бар күштің салынып жатқандығын аңғартады.

Мемлекет басшысының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы аса қуантарлық жағдай екені анық. Осы арқылы ол өзінің жастарға үлкен сенім артатынын көрсетіп отыр. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған түрлі салалардағы мәселерді шешу жолдарын жастар қолдайды! Ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Біз Елбасымыздың жастарға артқан үмітін ақтауға дайынбыз!

Динара Елеуова

СҚО "Қоғамдық келісім" КММ жетекші-аналитикалық сарапшысы

Кейін қарай