04 Мамыр, 2022
1771
Татулығымыз бір шаңырақ астында
Тұңғыш Президенті атындағы саябақта 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Татулығымыз бір шаңырақ астында» атты мәдени көпшілік іс-шарасы өтті.
Қазақ Елі – төрінде татулық пен тұрақтылық, көгінде бейбіт күн, елінде ырыс пен ынтымақ салтанат құрған шұғылалы шаңырақты мекендеген ұлт пен ұлыстың бірлігін айқындаған шара болды.
Аталмыш шараға Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері мен шығармашылық ұжымдары қатыстырылды.
Мерекелік шара аясында өңірімізді мекендеген ұлт өкілдері киелі шаңырақтарының беріктігі мен татулығының айғағы іспетті отбасыларымен сахна төріне көтеріліп, алғашқы болып қазақ отбасы бауырсағын ұсынып, қалған отбасылары да ұлттық дәмдерінен көрерменге ауыз тигізіп, ақжарма тілектерін жолдады.
«Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп» деген сөз қалған бабаларымыздан. Ел саясатының діңгегі де қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесім! Жалпыұлттық сананы қалыптастырып, ұлтты ұйыстыра білген бұл мереке – адалықдық мерекесі. Осы орайда «Алаш парызы» қоғамдық бірлестігі ұйымының басшысы Айшуақ Дәрменұлы, Ақтөбе облысы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.В.Вишняк, «Шатлык» татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Э.Г.Хабибуллина, Ақтөбе облысы кәрістер қауымдастығының мүшесі, ардагер дәрігер Е.Г.Югай құттықтау лебіздерін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
-
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
-
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде
25 Сәуір, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
24 Сәуір, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
24 Сәуір, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
24 Сәуір, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
24 Сәуір, 11:47
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ