Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Мамыр, 2021

244

ШҚО ҚХА-ның ұйымдастыруымен Риддерге гуманитарлық көмек жөнелтілді

Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Риддерде өрт салдарынан зардап шеккен жандарға көмек қолын созу мақсатында #bizbirgemizRidder қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Айта кету керек бұл акцияға тек ШҚО ҚХА емес, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Қостанай қалаларындағы этномәдени бірлестіктер мен Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйі қолдау білдірді. Соның арқасында 880 000 теңге көлемінде қаржы мен 1 тоннаға жуық заттар мен азық-түлік жиналды. Гуманитарлық жүк зардап шеккен Риддер тұрғындарына жеткізілді.

Апат салдарынан зардап шеккен тұрғындар қайырымды жандарға алғыс сөздерін жеткізді.

Кейін қарай