Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Шілде, 2020

948

«Әр азаматта мемлекеттік тілге деген құрмет болуы керек»

Біз Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тыныс-тіршілігіне, бүкіл аймағына зер сала отырып, көпшілік жерде, қоғамдық орындарда, көшелерде жарияланатын мемлекеттік тілдегі жарнамаларға өте мұқият болғанымыз жөн..

Баннерлерде, дүкендердің кіреберісінде тағы басқа жерлерде ілінген жарнамалардан талай қателіктерді көруге болады. Қызметте, оқу орындарында да жиі ұшырасатын үлкен кемшілік, құжаттардың қазақ тілінде сауатсыз жазылу деректері көп кездеседі. Тағы бір өзекті мәселе, көшелерде, саябақтарда репродуктор арқылы естілетін әуендердің түк мән-мағынасы, тәрбиелік мәні жоқ. Отаншылдық, рух, ұлттық намыс, сана-сезімді оянатын патриоттық, ұлы Абай атамыздың асқақ әндерін қосып, жүректерге жеткізе білсе қандай тамаша. Шалғай ауылдарда білім алып жүрген мектеп оқушылары арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге негізделген байқауларды жиі, әрі мазмұнды өткізу маңызды. Алаш ағартушысы А. Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген даналық сөзін ешқашан ұмытпауымыз керек. Өзін қазақстандықпын деп есептейтін әр азамат мемлекеттік тілге деген құрметін, ізгі ықласын жоғалтпау бағытында әрекет жасаған абзал. Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Халық, әр буын өкілдері болып осы мәселеге назар аударайық! Мемлекеттік тілді дәріптеу әр қазақстандық үшін қажет екенін бір сәтте ұмытпайық!

Алла Чечеткина,

Қостанай облыстық жастар қанатының белсендісі


Кейін қарай