Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қыркүйек, 2023

240

ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ ХІ НЕМІС МӘДЕНИЕТІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Wir sind zusammen – (Біз біргеміз!») атты дәстүрлі ХІ неміс мәдениетінің республикалық фествиальінің ашылу салтанатына қатысты.

Алғы сөзінде М.Әзілханов жүздеген мың неміс отбасылары үшін Қазақстан – туған ыстық Отаны болып, талантты және еңбекқор немістердің барлық мүмкіндіктері ашылған Жерұйық құнарлы жеріне айналғанын атап өтіп, Қазақстандағы немістер қауымына өз алғысын білдірді.

«Бұл фестивальдің атауы еліміздің «Біз біргеміз» басты саяси ұранымен тұспа-тұс келетінінің символдық мәні зор. «Возрождение» Қазақстандық немістер бірлестігі» немістер қоғамдық қоры барлық Қазақстан бойынша немістердің жиырма өңірлік қоғамын біріктіреді. Сондықтан бұл этномәдени институтты Ассамблеяның ең жарқын және тиімді этномәдени бірлестіктерінің бірі және бірегейі деп айтуға болады. Бүгінгі таңда қордың жұмысы Қазақстанның азаматтық қоғамының өмірінде де, Қазақстан-Герман қатынастарын дамытуда да маңызды әрі ауқымды рөлін атқаруда», – деді ол.

«Возрождение» Қазақстандық немістердің бірлестігі» қоғамдық қоры республикада тұратын 226 мыңнан астам этникалық немістердің мүддесін қорғайды және бүкіл Қазақстан бойынша немістердің жиырма аймақтық қоғамын біріктіреді.

Оның негізгі қызметтері мәдени мұраны сақтау, ана тілі және мемлекеттік тілді дамыту, жастарды ұлттық қазақы болмыс рухында тәрбиелеу болып табылады. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа көп көңіл бөлінеді.

Қазақстандағы немістер республика аумағында тұратын өзге этнос өкілдерінің саны бойынша алтыншы орында. Олар ұзақ жылдар бойы Қазақстан мен Германияны байланыстыратын нағыз «көпір» болды.

Бүгінгі таңда екі ел арасында ондаған құжатқа қол қойылды. Ал неміс инвестициялары, соңғы технологиялар мен ноу-хау қазақстандық шикізатпен, білікті жұмысшылармен және қолайлы бизнес жағдайларымен үйлесе отырып осы ынтымақтастықты кеңейтуге берік негіз жасайды.

Сонымен қатар, жыл сайын этникалық немістер жөніндегі Қазақстан – Германия үкіметаралық комиссиясы өткізіледі.

Неміс мәдениетінің фестивалі төрт жылда бір рет өткізіліп, қазақ немістерінің жақсы дәстүріне айналды.

Бұл Қазақстанның көпұлтты қоғамындағы неміс ұлттық мәдениетінің өзіндік ерекшелігін көрсетудің бірегей мүмкіндігі.

Сондай-ақ іс–шараның ашылу аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы «Видергебурт» қорымен бірге елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне елеулі үлес қосқан неміс этномәдени бірлестіктерінің белсенділерін марапаттады.

«Wir sind zusammen – (Біз біргеміз!») атты дәстүрлі ХІ неміс мәдениетінің республикалық фествиальі Астана қаласында 9-10 қыркүйек аралығында өтеді.

Шара қонақтарын ауқымды концерттік бағдарлама, флешмоб, ойындар мен квесттер күтуде.

Ал немістердің тарихымен, салт-дәстүрімен этникалық ауылда, ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі және басқа да тақырыптық экспозицияларда танысуға болады.


Кейін қарай