Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Ақпан, 2022

329

ҚХА мүшелері ел президентінің жаңа Қазақстанды бірге құру туралы үндеуін қолдайды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов татар этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, сонымен қатар ҚР Үкіметінің кеше өткен кеңейтілген отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыру жөнінде берілген тапсырмаларын қарастырды.

«Бүгінде еліміз өз тарихында бірегей кезеңді – еліміздің саяси және экономикалық өмірінде ауқымды өзгерістер кезеңін бастан кешуде. Барлық этностар «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» идеясын жүзеге асыруға нақты істерімен атсалысулары тиіс. Татар этносының кәсіпкерлері Татарстан Республикасының бауырлас халқымен көпжылдық ынтымақтастық әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстанға инвестициялар тартуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қомақты үлес қоса алады және қосуы тиіс», – деп атап өтті М.Әзілханов.


Өз кезегінде, «Қазақстанның татарлары мен башқұрттары конгресі» РҚБ төрағасы Тауфик Каримов Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың билік пен қоғам адал еңбек идеологиясын ұстануы тиіс деген сөзіне толық қолдау білдіріп, татар этносы, Қазақстанның барлық азаматтары секілді, берік экономикалық және әлеуметтік іргетасы қажет бейбітшілік пен келісімге ұмтылады деп сендірді.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет Басшысының қаңтар оқиғаларындағы саяси ерік‑жігерін атап өтіп, Қазақстан халқына туындаған қауіп-қатерді жоюда терроризмге қарсы шараларды тиісті деңгейде қолдану – халықтың қауіпсіздігі мен жүргізіліп жатқан реформалардың табыстылығына сенімін арттырды деп жеткізді.

Өз кезегінде татар этносының белсенділері «қайғылы қаңтар» салдарын алдын алу үшін волонтерлік және қайырымдылық жұмыстарға атсалысқанын тілге тиек етіп, Президенттің жанынан табылғанын атап өтті.

Кездесу соңында Т.Каримов бірлескен іс-шараларды жандандыруға дайын екендігін білдіріп, татар этномәдени бірлестігінің жүргізіп жатқан жұмысы мен жоспарлары туралы хабардар етті.

Кейін қарай