Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қазан, 2020

516

Көшбасшы жастар Талдықорғанда бас қосты

Талдықорған қаласында «Жарасым» республикалық жастар қозғалысының төрағасы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Тимур Жұмырбаев және Қазақстан ұйғыр жастары Одағының төрағасы Рустам Қайрыев Жетісу өңірінің дарынды жастарымен, сондай-ақ «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өңірлік штабының белсенділерімен кездесті.

Аталған іс-шара қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында өтті.


Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Талдықорған қаласындағы барлық оқу орындарының жастары арасында стартап жобалардың тұсаукесері өткен еді. Стартап жобалар байқауының жеңімпаздарымен кездесуі І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бас ғимаратында басталған. Одан әрі Достық үйінде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өңірлік штабының белсенділерімен және еріктілерімен кездесу жалғасып, онда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Қ. Түймебаевтың алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.


Кездесулер барысында волонтер жылының жұмысын қорытындылау, инновациялық жобаларды талқылау, волонтерлар клубының тұсаукесері, әлеуметтік жобалар туралы бейнеролик өткізілді.


Кейін қарай