Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Тамыз, 2020

774

Еріктілер жылына орай «Жас көшбасшылар» лагері өтті

Атырау облысы ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Атамекен» демалыс орнында «Жас көшбасшылар» лагерінің ашылуы салтанатты түрде өтті. Аталмыш шараға ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері, этнос өкілдерінің жастары,

Еріктілер тобы және спикерлер, тренер оқытушылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шараны ашқан «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жанар Ильясова: « Бүгінгі лагерь жұмысы жастар үшін маңызды қадам болмақ. Еріктілер жылына орай ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты – жалын атқан жастардың көшбасшылық қабілетін қалыптастыру, қоғамдық ортада өз кәсібін дамытуға жол ашу, жаңа жобалардың жасалу жолдарын үйрету, сондай-ақ, белсенді әрі білімді жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдау. Сонымен қатар, түрлі этнос өкілдерінен жиналған жігерлі жастарымыздың бойына ұлтаралық татулық ұстанымын паш ету» деп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Шара барысында семинар-тренинг жүргізген Work and life орталығының директоры Азаматов Нұрлан жастарға топпен жұмыс жасаудың технологияларын жүргізсе, «Сармат» көшбасшылар мектебінің жетекшісі Ануар Жұмабай СтартАп Бизнестің ерекшеліктері мен маркетингтің бизнестегі рөлі мен маңыздылығы жөнінде тың ақпараттармен бөлісіп, «Чернобыль», «Құтқару кемесі» жаттығуларын өткізді. Ал «Азаматтық орталық» КММ-нің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қалыбаева Айгүл Еріктілер жұмысының бағыттары туралы жан-жақты түсінік беріп, 9 жылдан бері Еріктілер тобында жұмыс атқарып келе жатқанын тілге тиек етіп, індет кезінде Еріктілер тарапынан қандай жұмыстардың атқарылғанына да тоқталды. Қатысушылармен еркін формада пікір алмасқан тренинг оқытушылар әрқайсысының сұрағына жауап беріп, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды.

Шара соңында лагерь жұмысына белсенділік танытқан «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері мен этнос өкілдерінің бір топ жастары сертификатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Кейін қарай