Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Наурыз, 2023

175

Екіжақты қарым-қатынастарда мəдениет саласындағы ынтымақтастық – сыртқы саясаттағы басым бағыттардың бірі

Ресей Федерациясы Қазақстанмен барлық салаларда, атап айтқанда, саяси, экономикалық, əскери-техникалық жəне гуманитарлық салаларда өзара əрекеттестікті белсенді жүргізуге мүдделі болып отыр.

Екіжақты қарым-қатынастарда мəдениет саласындағы ынтымақтастық – сыртқы саясаттағы басым бағыттардың бірі. Екі ел де бірыңғай мəдени, білім беру жəне ақпараттық кеңістік қалыптастыруды мақсат етеді. Халықтар арасындағы көп ғасырлық рухани байланыстарын сақтауды, олардың жаңа демократиялық бастамада жан-жақты дамуын, ынтымақтастықтың өте икемді жəне нəтижелі жақтарын іздеуде Ресей өз кезегінде орыс тілінің тарихи қалыптасқан тұғырын сақтауды жəне нығайтуды көздеп отыр.

Əлемдік қауымдастықтың қазіргі кездегі дамуы білім беру саласы рөлінің өсуімен сипатталады, ол оның жағдайына едəуір ықпал етеді жəне барлық адамзаттық өркениет сияқты жекелеген мемлекеттер мен халықтардың экономикалық жəне əлеуметтік өрлеуінің негізін анықтайды. Қоғамның қауіпсіздігі, іс жүзінде оның барлық салалар мен бағыттарда дамуының жетістіктері мен нəтижелері көп жағдайда қоғам мүшелерінің білімділік деңгейіне байланысты тəуелді болады. Мұндай тəуелділік ғылыми-техникалық ілгерілеу барысында арта түседі.

Соңғы жылдары білім беру саласында интернационализация мен кірігуге қатысты тұрақты ойлар қалыптаса бастады, яғни ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктері мен ерекшеліктерін сақтай отырып, ортақ еуразиялық білім беру кеңістігін құру үшін алғышарттар қалыптасты. Ал дамыған мемлекеттер болса, осы əлемдік білім беру жүйесінде жетекшілік рөл үшін бəсекелестік күрестерді күшейтуде. Бұл дегеніміз қазіргі қоғамдағы болып жатқан халықаралық оқиғаларға олардың ықпал етуінің өте тиімді құралдарының бірі болмақ. Сондықтан да Ресей Федерациясы да əлемдегі білім беру қауымдастығында лайықты орын алу үшін өзінің білім беру саласындағы иеленіп отырған бар күш-құралдарын əлі де болса дамытуды көздеп отыр.

Шет мемлекеттер үшін, оның ішінде ТМД-ға мүше-мемлекеттер үшін ұлттық мамандар даярлау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты – Ресей Федерациясының геосаяси жəне əлеуметтік-экономикалық мүддесін жүзеге асыру жəне де білім беру саласын дамыту үрдісіне толық құқықты жəне толық жарамды, құнды ел рөлін атқаруды көздеуде, сонымен бірге жоғары деңгейдегі даярлықты қамтамасыз ете отырып əлемдік білім жəне еңбекпен қамтамасыз ету нарығында ресейлік білім беру мекемелері түлектерінің бəсекеге төтеп бере алу жақтарын ойластыруда.

Сонымен қатар Ресей білім беру, ғылым жəне технология салаларында Достастық мемлекет- терімен қатынастарды дамыту барысында осы жылы 2006-2010 жылдар аралығында білім беру саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығының дамуы бойынша мемлекетаралық бағдарламаның əзірленуіне ерекше көңіл бөлген болатын.

Сол себепті де Ресей бүгінгі күні ТМД елдеріндегі мəдениет саласына өзінің қатысуын күшейту мақсатында отандастармен қарым-қатынастарды жақсартуға жəне дамытуға мүдделі. Сондықтан да біздің елдер жəне халықтар бір-бірі үшін маңызды, олардың жоғары деңгейдегі серіктестігі жəне ынтымақтастығы қазақстандықтар мен ресейліктердің мүддесіне сəйкес келеді, өйткені ол бұрынғыдай демократиялық институттардың сəтті дамуының негізі, екі мемлекеттің реформалары мен нарықтық өзгерістерінің кепілі болып табылады. Қазақстан мен Ресей өркениет саласында бір- біріне жақын жəне халықаралық сахнада екі ел де ортақ мүдделерді көздейді.

Бірақ та қазіргі таңда жаһандану жағдайында қандай да бір мəдениеттің, атап айтқанда, батыс немесе ислам мəдениетінің басым болып кетуі мүмкін деген ойлар да жоқ емес. Əрине, бұл пікірлерге қосылуға болмайды, өйткені мəдениет саласындағы жаһандану бұл көпшіліктің бір ауыздан қолдауы мен бірлікте болуы нəтижесінде жүзеге асады. Бүкіл адамзат баласына ортақ құндылықтардың бар екендігін жəне олардың бүгінгі күнге дейін жетіп отырғандығын білеміз. Сондықтан да əр халық өз мəдениетінің ерекшеліктерін əрі қарай дамыта отырып, өз мəдениетінің маңызын сақтауы тиіс. Өркениеттер мен мəдениеттердің кіндігі болып отырған қазақ елі осының үлгісі деп басып айтуға болады.

Ресей Федерациясы Достастықтың білім беру орталығының көшбасшысы ретіндегі рөлін нығайтуға, Ресейдің білім беру мекемелерінде оқу үшін ТМД елдерінің студенттеріне мемлекеттік стипендия беру тəжірибесін дамытуға, Достастық мемлекеттерінде ресейлік - ұлттық (славяндық) университеттердің қызметіне көмек көрсету саласына ерекше көңіл бөлуге тырысуда.

ТМД елдерінде Ресейдің мəдениет өрісіндегі қатысуын нығайтудағы маңызды жұмыс - отандастардың өзара қарым-қатынастары. ТМД елдерінің мемлекеттік органдары жағынан Ресей азаматтары мен отандастарының құқықтарына қатысты осы елдерге байланысты Ресей саясатын қалыптастыру қазіргі кездегі Ресейдің ең маңызды мүдделерінің бірі болып табылады.

Ресей Федерациясының өзінде Қазақстандағы этникалық орыстардың құқықтарының қорғалуы қатаң бақылануда, өйткені ТМД елдерінде орыс халқының жағдайы мен құқықтарын қорғау РФ саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы бағыттағы саясаттың реттелуі мен оның заңмен бекітілуіне тоқталатын болсақ, бұл бағытта Ресей Федерациясы бастапқыдан бері келісімдік-құқықтық база құра бастады. Оның негізін 1994 жылы жасалған “ҚР мен РФ арасындағы мəдениет, ғылым жəне білім саласындағы ынтымақтастық” жөніндегі келісім салып отыр. Кейін шетелде тұратын этникалық орыстардың мүдделері мен құқықтарының қорғалуына бағытталған РФ мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы мен стратегиясы зерттеліп шығарылды. Қазақстандағы этникалық орыстардың мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету саласында Ресейдің мемлекеттік саясатының жоғары деңгейде жүзеге асырылып отырғандығына ерекше тоқталған жөн. Бұл мəселе мемлекет басшысы, үкімет басшысы деңгейлерінде əртүрлі құжаттармен реттеледі. Атап айтсақ, 1991 жылы 31 тамыздағы “Шетелде тұратын отандастарға қатысты Ресей Федерациясының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары” жөніндегі РФ Үкіметінің қаулысы, 1995 жылы 8 желтоқсандағы “Ресейлік диаспораны қолдау жəне ресейлік отандастарға қорғаушылық көрсету” туралы РФ Мемлекеттік Думасының Декларациясы жəне 2001 жылы РФ Президентімен бекітілген шетелдегі отандастарды қорғау туралы РФ саясатының мемлекеттік тұжырымдамасы.

Бұдан басқа да қазіргі таңда РФ Мемлекеттік Думасының күн тəртібіне ТМД елдерінен шыққандар үшін РФ көші-қон саясатын толық өзгертуге бағытталған бірқатар заң жобалары қарастырылуда.

Осы кезде кейбір шетел бұқаралық ақпарат құралдарында, əсіресе тоқсаныншы жылдардың басында ресейлік жəне шетел басылымдарында жиі-жиі Қазақстандағы этникалық орыстардың жағ- дайын ешбір негізсіз қаралаған мақалалар басылып шықты. Қазақстандық билікті біздің республика- мыздағы этникалық орыстарға қатысты жікшілдік саясат үшін сынайтын басылымдарды, əсіресе интернет желісіндегі сыни материалдарды бүгінде кездестіруге болады. Алайда, əдеттегідей, 90- жылдардың басында орын алған этникалық орыстардың көшуінің себептерін айтпай, Қазақстаннан көптеп кетуіне екпін жасалды. Кейбір ресейлік саясаткерлер өз мақсатына пайдалану үшін Қазақ- стандағы этникалық орыстардың жағдайы деген мəселені жиі-жиі көтеріп отырды. Қазақстандағы жəне ТМД елдеріндегі этникалық орыстардың жəне толығымен орыс тілді халықтың жағдайы жөніндегі пікірталастар В.Жириновский, К.Затулин, В.Лукин, Д.Рогозин жəне басқа да бірқатар Ресей саясаткерлерінің саяси мансапқа жетуінде шешуші рөл атқарып шықты. Олар РФ ресми өкілдерінің көзқарасына мəн бермей, қазір салыстырмалы түрде Латвия мен Эстониядағы орыстар- дың жағдайымен салыстыруға болмайтындығын мойындады.

Қазақстан мен Ресейдің бір-біріне стратегиялық тəуелділігі тікелей географиялық жақындыққа, тарихи тағдырдың ортақтығына, екі ірі бұрынғы кеңестік мемлекеттер тұрғындарының, мəдениетінің, тілінің, менталитетінің ұқсастығында болып отыр. Сондай-ақ үлкен аралықтағы ортақ шекара, экономика жəне сауда байланыстарының да қарқынды дамуынан байқауға болады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлікті сақтаудағы маңызды факторлардың бірі жалпы жəне ерекше мүдделерді өзара түсіністікпен шешуде Қазақстан мен Ресей көшбасшыларының рухани жəне саяси жақындықтарындағы ерекшелікті ескерген дұрыс.

1990 жылдардың екінші жартысы Қазақстан мен Ресейдің əртүрлі ұйымдар шеңберіндегі белсенді түрдегі ынтымақтастығымен сипатталады. Ресей Қазақстанға қатысты негізгі сыртқы саяси əріптес ретінде өзінің ұстанымын сақтап қалды. Ресей мен Қазақстан Кедендік Одақпен, Еуразиялық экономикалық қауымдастық құруда серіктес болды. Қазіргі кезде ортақ экономикалық кеңістік құруда. Мемлекеттер Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жəне АӨСШК аясында да өзара ынтымақтастықты дамытуда. Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы көп тараптық келіссөздерге қатысады.

ХХІ ғасырда еуразиялық идеясы жаңа мазмұнға толып, өзектілігі артып мықты интеграциялық бірлестік құрудағы негізгі жауапкершілік біздің көзқарасымызша Қазақстан мен Ресейге жатады, екі- жақты тығыз ынтымақтастық еуразиялық интеграцияның бүкіл түп-тамыры болуы мүмкін.

Өз кезегінде ресейлік бағытта да өзара қарым-қатынастарда осындай бағыт байқалады. Ресей Федерациясының сыртқы саяси концепциясында «ТМД-ға қатысатын мемлекеттермен екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықпен қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті сақтаудағы міндеттеріне сəйкес» басым бағыттар деп аталған.

Қазақстан Орталық Азия аймағындағы Ресейге жақын əрі стратегиялық одақтас мемлекет болғандықтан, Кремльдің ОА сыртқы саяси бағдарында маңызды орындардың бірін алады.

Кейін қарай