Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қазан, 2022

278

«Егемен елдің ертеңі жарқын» фотокөрмесі

2022 жылғы 21 қазанда сағат 11.00-де Алматы қаласындағы Д. Қонаев мұражайында ұлттық мереке – Республика күніне арналған «Егемен елдің ертеңі жарқын» атты фотокөрме өтеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен жастар қатысады.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық-саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті нығайту, мемлекеттік саясатты насихаттау, жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамыту.

Сонымен қатар іс-шара барысында мұражай бойынша экскурсия ұйымдастырылатын болады.

Кейін қарай