Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Мамыр, 2022

658

Бірлік – береке бастауы

Маңғыстауда Қазақстан халықтарының бірлігі күні жаңа форматта тойланды. Достық үйінің аумағында "Бірлік – береке бастауы" атты мерекелік іс-шара өтті.

Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі. Маңғыстауда бүгінгі таңда 50-ден астам ұлт, 20 этномәдени бірлестік бар. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ бірге, Қазақстан аумағында олар – бір тату халық.

Іс – шараға өңір басшысы – Нұрлан Ноғаев, қоғамдық ұйымдар, аналар кеңесі, Ардагерлер кеңесі, өңірдің этномәдени бірлестіктері, белсенділер мен қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара ҚХА шығармашылық ұжымдары мен Н. Жантөрин атындағы театр әртістерінің концерттік бағдарламасымен, спорттық ұлттық ойындармен, этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдар жәрмеңкесімен сүйемелденді.

Маңғыстау облысының аналар кеңесінің мүшелері бауырсақты дайындауға белсенді қатысып, өңір басшысын құрмет белгісімен қарсы алды, содан кейін өздері дайындаған бауырсақтан дәм татуды ұсынды.

Сондай-ақ көшеде палау дайындалды, бауырсақ қуырылды және осының бәрі мереке атмосферасын одан әрі қалыптастырды. Қала тұрғындары пісірілген палау, шұбат, осетин пирогтары, кәріс пигоди, үнді шайы, грузин хинкали және басқа да тағамдар жәрмеңкесінде үлкен ықыласпен дәм татты.

Салтанатты бөлімде өңір басшысы барлық маңғыстаулықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

- Құрметті маңғыстаулықтар! Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің тарихына көз жүгіртсек, халқымыз әрқашан бейбітшілік пен келісімде өмір сүрген. Достықтың арқасында бүгінде тұрақтылық пен үйлесімділік орнады. Бүгін біздің еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бағыт елдегі тұрақтылықты, этносаралық құрмет пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған. Өзара сыйластық, тәртіп пен тұтастық – бұл әрқайсысына өзінің азаматтық борышын орындауға көмектесетін өлшемдер деп санаймын. Көктемнің осы тамаша күнінде баршаңызға мерекелік көңіл-күй, денсаулық, табыс, игілік пен бақ-береке тілеймін!,- деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Кейін қарай