Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Наурыз, 2024

66

«Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелерімен кездесті

2024 жылғы 29 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында палата аралық «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелерімен кездесті.


Іс-шараға Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәденидаму және ғылым комитетінің төрағасы, депутаттық топ жетекшісі Нұртөре Жүсіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдеріқатысты.


Кездесу барысында «Бір ел - бір мүдде» депутаттықтобының қызметі, Ассамблея мен оның институттарын дамыту, сондай-ақ этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар, ҚХА Аналар кеңесі, Медиация кеңесіжәне «Ассамблея жастары» төрағаларының баяндамалары тыңдалды.



Кейін қарай