Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Сәуір, 2024

87

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуде

Халықтың бірлігі мен сабыры қиындықта сыналады. Қазақстанның бірнеше өңірінде болған су тасқыны еліміздің жұдырықтай жұмыла білетінін тағы көрсетті. Осы ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы жан-жақты күші мен барлық мүмкіндіктерін аямай, аймақтарға барынша көмек қолын созуда.

Өңірлердегі Достық үйлерінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған қабылдау пункттері жедел ұйымдастырылып, бүгінге дейін 24,5 млн теңгеден астам қаражат жиналды. Сондай-ақ, Ассамблея жастары мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері волонтер ретінде мемлекеттік органдар мен ТЖМ қызметкерлеріне белсенді түрде көмектесуде. Және де этномәдени бірлестіктер мен Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Кәсіпкерлер Қауымдастығы өкілдері, ҚХА мүшелері материалдық-қаржылық көмекпен қамтамасыз етуде.

Өңірлерде су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу шараларын ұйымдастыру бойынша жұмыс тоқтаусыз жүріп жатыр. Ақтөбе облысындаеріктілердің жұмысын орталықтандыру мақсатында волонтерлік штаб құрылып, автомобиль көлігімен тасымалдау үшін зардап шеккендерге көмек көрсету топтары, гуманитарлық көмекті жинау және бөлу топтары жұмыс атқаруда. Алғашқы күндері-ақбұл іске ҚХА-ның облыстағы «Ассамблея жастарынан» 70-ке жуық волонер жұмылдырылды. Көмек көрсетуге Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Медиация кеңесі, Кәсіпкерлер Қауымдастығы мен ЭМБ мүшелері түгелімен белсене атсалысуда. Атап айтар болсақ, өңірдегі ҚХА волонтерлары мен еріктілері 200 келі палау, 50 келі бауырсақ, 300 адамға арналған салат және 300 шай дайындап, оны құтқарушылар мен әскери қызметкерлерге үлестірді. «Урарту» армян қауымдастығы мен «Вайнах» шешендерінің ЭМБ мүшелері 400 адамға ыстық тамақ таратты. Облыстағы ҚХА мүшесі, «Глобал-Спецодежда» ЖШС директоры Н.А.Шабаева су тасқынына қарсы жұмыс жүргізетіндерге 1057 бірлік арнайы киім тігіп бергенін де айта кету керек.

Қостанай облысының Достық үйінде апатпен күресу үшін қажетті заттарды, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін жинау үздіксіз жалғасуда. Оған облыстың барлық ЭМБ және волонтерлері белсенді қатысуда. Облыстық ҚХА су тасқыны орын алған бірінші күні-ақ волонтерлар үшін жедел 300 мың теңгеден астам сомаға 4000 қап, 800 жұп жұмыс қолғабы, 130 дана күрек сатып алып берді.

Қарағанды облысында ҚХА мүшелері тарапынан су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. ҚХА мүшесі, «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы И.Георгиади Теміртау қаласындағы су тасқынымен күресу үшін «Оң жағалау» шағын ауданы аумағынан қарды шығаруға 3 самосвал және қаланың жеке секторындағы су тасқыны арнасын құлату үшін 1 экскаватор берді. Бұл көмек 3 млн теңгеге көрсетілді. Және де бұл аймақта ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер су тасқынынан зардап шеккендерге 970 мың теңге көлемінде қаражат бөлінгенін атап өткен жөн. ҚХА және ЭМБ мүшелері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат жинауды жалғастыруда.

Батыс Қазақстан облысы ҚХА Достық үйінде жалпы сомасы 1,5 млн. теңгеге 2 жүк машинасы көлемінде гуманитарлық көмек жиналып, Сырым ауданына жіберілді.

Ұлытау облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Қоғамдық келісім» КММ кеңсесінде қабылдау пункті ашылды. Облыста«Вайнах» ЭМБ 100 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетсе, ал «WATAN» түрікмен этномәдени орталығы әйелдер мен ерлереге арналған 20 комбинезон алып берді.

Атырау облысында «Күшіміз-бірлікте!» республикалық акциясы аясында 500 мың теңге көлемінде жиналған қаражат азық-түлік, гигиена заттары, су және тағы басқа қажетті құралдарға жұмасалды.

Алматы облысының ҚХА мүшелері жалпы салмағы 1 тоннаға жуық гуманитарлық көмек (азық-түлік және қажжетті заттар) жинады.

Маңғыстау облысының Достық үйі облыстық штабпен бірге жұмыс жүргізуде. ҚХА мүшелері қажетті заттарды жинау жұмыстарын бастады. ҚХА-ның «Ассамблеясы жастары» облыстық штабта жұмыс істеу үшін 30 волонтер бөлді.

Жамбыл облысының ҚХА мүшелері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған «Күшіміз бірлікте» акциясына белсенді қатысуда. Жұмысты үйлестіруші «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Мухмуджон Давришев. Айта кету керек, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі екі жүк көлігін ұсынды, онда жиналған гуманитарлық көмек зардап шеккен өңірлерге жеткізілетін болады.

Астана қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинайтын 7 пункт ашылды. Достық үйінде «Клуб добряков» ҚХА мүшелерімен бірлесіп қажетті азық-түлік, қажетті құралдарды қабылдау және тарату бойынша жұмыс жүргізеуде. Ақмола облысындағы 150 отбасына көмек көрсетілсе, Қостанай облысына 4 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жіберілді.

Абай облысы Бородулиха ауданы Достық үйінің Еріктілер қозғалысы орталығының волонтерлары көктемгі су тасқыны мәселелерін шешуге белсенді қатысуда. Еріктілер су тасқыны қауіпті аумақтарда көмек көрсетуге, сондай-ақ тасқын суларды бұру үшін орларды қазуға атсалысуда.

Ақмола облысында өңірдің «Ассамблея жастары» ҚХА-ның 80 волонтері мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдерімен 8,2 млн теңгеге көмек көрсетілді. «Санги-Кабуд» Тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы қаланың жеке тұрғын үй секторынан қар шығару үшін 3 тиегіш пен 2 КАМАЗ ұсынды, сондай-ақ «Қызыл жұлдыз» ауылының 45 тұрғынына азық-түлік түрінде көмек көрсетті. Бұдан басқа, этномәдени орталықтың төрағасы құтқарушылар мен еріктілерді қажетті құралдар мен арнайы киіммен қамтамасыз етті. «Манас» қырғыз этномәдени бірлестігі төсек-орын жабдықтарын (матрацтар, көрпе, төсек-орын) және балалар заттарын ұсынды. «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ этномәдени бірлестігі мен «Ақмола облысының Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері шатырлы қалашықта орналасқан зардап шеккендер мен құтқару қызметтерінің қызметкерлерін азық-түлікпен және ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау мен көмек көрсету жұмыстары жалғаса беретін болады.



Кейін қарай