Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Тамыз, 2023

314

«Ата Заңым – Айбыным!» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2023 жылдың 29 тамызында Шымкент қалалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заңым – Айбыным!» тақырыбында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілеттігімен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Әбдезов, Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшылығының маманы, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Қ.Дүйсенби, қалалық Түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, ғалым А.Құрбанов, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі Д.Байсерікова, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы, көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының басшысы С.Пазыл, Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің мүшесі Е.Ким және «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында спикерлер Конституция -мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат екендігіне тоқталды және оның маңыздылығын жастарға терең түсіндіріп өтті.





Кейін қарай