17 Наурыз, 2023
267
Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері жастары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауы өтті
2023 жылдың 16 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Ақтөбе облыстық ұйымының және «Қоғамдық келісім» КММ ақсақалдар кеңесінің, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ұйымдастыруымен облыстың мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері жастары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауы өткізілді.
Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, насихаттау және этносаралық қарым-қатынас тіл ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамның белсенді жастарын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар өздерін таныстырып, ұлттық нақышта киім үлгісінде киініп, ҚР Тіл туралы заңы, тарихы, ұлы тұлғалары мен ұлттық салт дәстүрі, әдет-ғұрып туралы сұрақтар қамтылып, өз өнерлерін көрсетті. ҚХА жанындағы ақсақаладар кеңесінің мүшесі Н.Абдуллаев төрағалық еткен әділқазылар алқасы қатысушылар өнерінің деңгейін бағалап, жеңімпаздарды жүлделі сый-сыяпаттарымен марапаттады.
Бас жүлде: Хаджиева Милана Сұдтановна Қобда ауданының орта мектеп мұғалімі, ұлты шешен.
1 – орын: Ескельдина Диана Витальевна Тоқмансай орта мектебінің мұғалімі, ұлты неміс.
2 – орын: Трегуб Анюта Сергеевна Маржанбұлақ дәрігерлік амбулаториясының дәрігері, ұлты украйн.
3 – орын 2 қатысушы:
Воронянская Татьяна Сергеевна қалалық №28 орта мектептің мұғалімі, ұлты орыс.
Виталина Любовь Витальевна С.Баишев атындағы жоғары медициналық колледж студенті, ұлты татар.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Болашақ сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
-
Алматы облысында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті