Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қазан, 2023

183

Ақмола облысында «Достық дәмі» гала-фестивалі өтті

Бүгінгі күні киелі байтақ елімізде 100-ден астам этнос татулық пен үйлесімде өмір сүріп жатыр. этностар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп, «Қазақтану» жобасы аясында, мәдениетаралық дамуға, азаматтық бірегейлікке, қазақстандық патриотизмге негізделген өзге этностар арасында мемлекеттік тілді ілгерілетуге, қазақ халқының мәдениеті мен рухани дәстүрлерін сақтауға және дамытуға бағытталған «Достық дәмі» жобасын іске қосқан болатын.

Достық үйінде өткен іс-шара мәресіне жеткен «Достық дәмі» фестиваліне арналды.

Жобаның бастамасы ретінде, 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні Көкшетау қаласында тұратын 17 этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен "Достық дәмі" фестивалінің тұсаукесері өткен болатынн. Мамыр-қазан айларында облыстың 9 ауданы мен Степногорск қаласының этномәдени бірлестік өкілдері фестиваль аясында қазақ тіліне, әдет-ғұрпына деген құрметін сахналап көрсеткен болатын.


«Достық дәмі» жобасының аясында жаңаша қоғамдық сананы қалыптастыру, қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының деңгейін көтеру, қазақ елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті және қазақ тіліне деген құрметті арттыру мақсатында өткен фестивальда Бурабай, Аршалы, Атбасар аудандары жүлделі орындарға ие болды. Қазылар алқасының шешімімен Гран-при жүлдесімен Степногорск қаласының Достық және шығармашылық үйі жанындағы этномәдени орталық мүшелері марапатталды.

Гала-фестиваль барысында ҚХАА жанындағы қол-өнер шеберлерінің «Экскурсиялық променад», Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспонаттар көрмесі ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қорыта айтқанда, «Достық дәмі» жобасы облыста тұратын этностар қазақ халқының ұлттық құндылықтарын танып, рухани игеріп, насихаттауы арқылы достық атмосферасында өмір сүріп жатқанын айғақтады.



Кейін қарай