Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облысы

Достық үйі

Алматы облыстық «Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Облыстық Достық үйі — арнайы жоба бойынша салынып, 2008 жылы пайдалануға берілген. Осы ерекше сәулетті ғимаратта облыстық Ассамблея хатшылығының, құрылымдық бөлімшелердің және 23 облыстық этномәдени орталықтың кеңселері орналасқан.

Ғимарат үш қабаттан тұрады, жалпы көлемі 3972,8 шаршы метр. Онда Ассамблеяның өнімді жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдай жасалған. Атап айтсақ, олар: мультимедиа, тілдерді үйрету орталықтары, 3 би залы, 200 орындық мәжіліс залы, 4-арналы синхронды аудармамен қамтамасыз етілген конференц-зал, соңғы үлгідегі аппаратурамен жабдықталған дыбыс жазу студиясы, ұлттық киімдерді сақтайтын қойма және 50 орындық кафе.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазір Ассамблеяның барлық жұмысын басқарудың тиімді механизмін жасайтын сәт туды» — деген болатын. Соның негізінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасын, Достық үйлерін дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Облыстық Достық үйі» МКҚК облыстық әкімдік аппараты жанындағы «Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде қайта құрылды. Оған облыстық Ассамблеяның қызметін қамтамасыз ету функциясы жүктеледі.

Руководитель КГУ «Дом Дружбы – Қоғамдық келісім» ГУ «Аппарат акима Алматинской области» — КАСЫМБЕРКЕБАЕВ Танирберген Касымакынович

Тел.: 8 (7282) 40-07-57
Тел.: 8-702-561-11-77

E-mail: dom-druzhby@mail.ru