Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облысы

Жастар бірлестіктер

Алматы облыстық «Бірлік» жастар Қауымдастығы

«Алматы облыстық «Бірлік» жастар Қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры, облыстық славян қозғалысының төрайымы Белик Наталья Алексеевна


«Бірлік» жастар Қауымдастығы 2002 жылы құрылған және біздің аймақтағы барлық этностық топ белсенділерін біріктіреді.

«Бірлік» жастар Қауымдастығының негізгі міндеттер:

  • жас ұрпақтың интелектуалдық, рухани дамуына және денсаулығын сақтауға бағытталған шараларды ұйымдастыру, осы бағыттағы бастамаларды қолдау;
  • отаншылдық, азаматтық сана-сезімді қалыптастыру;
  • ел бірлігі мен салауатты өмір салтын насихаттау;
  • жастардың шығармашылық әлеуетін ашу;
  • Алматы облыстық және республикалық басқа да жастар ұйымдарымен ықпалдастықта болу.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты – этносаралық интеграция негізінде тұтас этносаяси қоғамдастық ретіндегі қазақстандық ұлтты қалыптастыруға, барлық этностар мәдениеттерін дамытуға, ең бастысы ортақ қазақстандық мәдениеттің қалыптасуына ықпал ету.