Қазақстан халқы Ассамблеясы Қарағанда облысы

Ассамблея туралы

Қарағанды ​​облысы 100-ден астам этнос өкілдері тұратын Қазақстанның көпэтникалық аймақтарының бірі.

Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасы (2025 жылға дейін) шеңберінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Асамблеясы (бұдан әрі — ҚХА)  мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды  жалғастыруда.

Оның қызметі Елбасының 2018 жылғы сәуірдегі ҚХА ХХVI сессиясында белгілеген негізгі міндеттерге: өзекті жаңғырту міндеттерін орындауға азаматтық қатысуды кеңейтуге, «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және жаңа әлеуметтік бастамаларды ілгерілету бойынша ғылыми-ағартушылық жобаны іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізуге, қайырымдылық жұмыстарын, сондай-ақ ҚХА «Жаңғыру жолы» жаңа жастар қозғалысының жұмысын жалғастыруға және жандандыруға, этномәдени бірлестіктерге жан-жақты көмек көрсетуге, олардың тілдерін дамытудың өзекті мәселелерін шешуге, салт-дәстүрлерді сақтауға, жастарды біздің бай тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеуге арналған.

Облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші органның құрамына 105 адам — этномәдени бірлестіктердің, облыстың зиялы қауымының, ардагерлер кеңесінің, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері кіреді.

Қарағанды ​​облысы ҚХА төрағасы — облыс әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов. Төраға орынбасарлары — «Понтос» Грек мәдени орталығы» ҚБ төрағасы — Касапиди Деспина Ивановна және облыстық мәслихаттың депутаты, білім беру меценаты Алтынбеков Бекзат Комаровұлы.

Республикалық ҚХА құрамына 21 қарағандылық: облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ұлттардың қалаулы топ және дін өкілдері кіреді.

Облыстық Ассамблеяның хатшылығы сессияларды, облыстық ҚХА Кеңесінің, ғылыми-сараптамалық топтың, қоғамдық келісім кеңесінің, аналар кеңесінің отырыстарын, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдер өткізеді, онда этносаралық келісімді нығайтуға, Қарағанды облысында тұратын этностардың мәдениетін, тілдерін сақтауға және дамытуға бағытталған мәселелер талқыланады.

Облыста тіркелген 53 этномәдени бірлестік, (бұдан әрі — ЭМБ) оның ішінде: 23 — облыстық, 30 — қалалық және аудандық бірлестік өз қызметін жүзеге асырады. Қалалар мен аудандарда облыстық қоғамдық бірлестіктердің 4 филиалы және 22 бастамашыл тобы жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған, ол аймақтағы ҚХА жұмыс органы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қарағанды ​​облысында 3 Достық үйі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 1 облыс орталығында, 2 аймақта: Жезқазған, Сәтбаев қалаларында орналасқан.

Өңірлердегі Достық үйлері коммуналдық мемлекеттік мекемелер түрінде жұмыс істейді.                 Басқару органдары — Қарағанды облысы әкімінің аппараты (Қарағанды қаласының Достық үйі), «Жезқазған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ (Жезқазған қаласының Достық үйі), «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ (Сәтбаев қаласының Достық үйі) болып табылады.

Облыс орталығының Достық үйі жұмысының мақсаты мен міндеттері Қарағанды облысындағы этникалық топтардың дәстүрлерін, тілдерін, мәдениетін сақтауға, этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімді қалыптастыруға, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіру бойынша жалпы міндеттерді шешуге бағытталған.

Облыс орталығындағы Достық үйі коммуналдық мемлекеттік мекеме түрінде жұмыс істейді және Қарағанды қаласында орналасқан.

Облыс орталығының Достық үйі коммуналдық мемлекеттік мекеме түрінде жұмыс істейді және Қарағанды қаласында жұмыс істейді. 

Достық үйінің ғимараты қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту іс-шараларын, сессияларды, салтанатты қабылдауларды, кездесулерді, Қарағанды облысы ҚХА мәжілістерін, этномәдени бірлестіктерді аймақ жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен ұйымдастыру және өткізу үшін 2015 жылы арнайы пайдалануға берілді.

Өңірдің ҚХА қызметін ақпараттық қолдауды облыстың баспа және электрондық БАҚ жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта облыста белсенді ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Республикалық, облыстық БАҚ-тарда облыстық ҚХА мүшелері, этносаралық төзімділіктің қазақстандық моделін насихаттау, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын, Елбасының бағдарламалық мақалаларын іске асыру жөнінде атқарылған шаралар туралы ЭКО жетекшілері сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдіреді. Облыстық ҚХА жанындағы журналистер мен сарапшылар клубы белсенді жұмыс атқаруда. «Қоғамдық келісім» кеңесі, Аналар кеңесі, қайырымдылық пен меценаттар клубы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық штабы, Қарағанды облысының ҚХА Жастардың үйлестіру кеңесі құрылған. Облыста арнайы «Достық аймағы» альманах-журналы шығарылып тұрады.

Облыстық Ассамблеяның хатшылығы 2 адамнан тұрады: Хатшылық меңгерушісі және бас маман.

Облыстық ҚХА сессиясы жылына бір рет, республикалық сессиядан кейін өткізіледі. Сессияның күн тәртібі Мемлекет басшысы, ҚХА төрағасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы сессияда алға қойған міндеттерінен тұрады.

ҚХА төрағасы сессияда берген тапсырмаларды іске асыру мақсатында облыс әкімі іс-шаралар жоспарын бекітеді.

Облыстың этномәдени бірлестіктері жергілікті атқарушы органдардың тұрақты назарында.

Облыста этникалық топтардың өкілдерін өздерінің ұлттық мәдениетіне тарту үшін барлық жағдай жасалған. Облыстық және республикалық маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысатын 50-ден астам ЭМБ шығармашылық ұжымдары жұмыс атқарады.

Облыста этникалық топтардың өкілдерін ұлттық мәдениетке тарту үшін барлық жағдай жасалған. ЭМБ 50-ден астам шығармашылық ұжымы облыстық және республикалық іс-шараларда белсенді жұмыс жасайды.

 

Аты-жөні

Лауазымы

                       Фото

Жұмыс   телефоны

 1

 

 

 

Ерлан Жақанұлы Қошанов

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы –Қарағанды облысы әкімі

8 (7212) 50 15 15

 

 2

 

Гүлфайруз Серікқызы Рымбекова

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін  атқарушы

8 (7212) 50 15 24

 3

Құсайын Ерлан Бейсембайұлы

Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры

8 (7212) 90 03 10

 

 

 

 

   2014 жыл басына Қарағанды облысы халқының жекелеген этностары бойынша саны