Қазақстан халқы Ассамблеясы Қарағанда облысы

Достық үйі

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызмет түрі:

Әлеуметтік сала нысаны

Меншік нысаны:

мемлекеттік, коммуналдық мемлекеттік мекеме

Орналасқан жері:

Қарағанды қ. Кеншілер даңғылы, 64

Жұмыс орындарының саны:

70

Орналастырылған этномәдени бірлестіктердің және қоғамдық ұйымдардың саны:

облыстық маңызы бар 25 этномәдени бірлестік

1 Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Қарағанды облыстық филиалы-қоғамдық бірлестігі"

Пайдалануға берілді:

2015 ж.

Толтырылу:

Дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізуге арналған отырыс залдары (мәжіліс залы), 430 орындық концерт залы, 100 орындық конференц-зал, 120 орындық "Атриум" залы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мұражайы мен кітапханасы, "Шабыт" көрме залы, халық шығармашылығы кабинеті, "Күй-керуен" орталығы, этно-мәдени орталықтарға арналған кеңселік үй-жайлар (23 бірлік), лингафондық кабинеттер (мемлекеттік тілді, ағылшын тілін, сондай - ақ басқа да тілдерді оқытуға арналған -3 бірлік), би залы.

Мақсаттары және

міндеттері

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да қолдаудың тиімді жүйесін құру.

Қызметтің міндеттері:

1) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;

2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;

3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға жәрдемдесу;

4) демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға атсалысу;

5) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін елде және шетелге танымал ету;

6) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;

7) этносаралық қатынастар саласында, оның ішінде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласына мониторингті жүзеге асыру;

8) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заң жобаларының қоғамдық-саяси сараптамасына қатысу; 9) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, даулы жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу;

10) этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек;

11) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарларды, конференцияларды өткізу, сондай-ақ өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;

12) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

13) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу;

14) Қазақстан этностарының тарихи Отанымен байланысын дамытуға жәрдем көрсету;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

КГУ «Қоғамдық келісім» Управления внутренней политики Карагандинской области директор Касембаева Гульнара Калиевна

Тел.: 8 (7212) 25-52-51, 8 705-252-40-63
факс.: 25-69-90

E-mail: info@kelisim.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясы

· Басшылық

· Қызметі

· Сессиялар

· Ресми құжаттар

· Жастар ұйымдары

· ҚХА Кеңестері

· Депутаттық топ

· Этномәдени бірлестіктер

Баспасөз-орталығы

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Шарипова Замзагуль Абеновна

Тел.: 25-58-38; 87478132891

e-mail: bgyzmet@yandex.kz

zamzagul.1964 @mail.ru