Қазақстан халқы Ассамблеясы

4741

Мухаббат Миражапова: Жолдауда елді елеңдеткен көп мәселе түзу жолға қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнады. Маңызды құжатты бар ынтаммен тыңдадым. Көптеген мәселелер көтеріліп, шешімдері табылды. Бұл мәселелер халықтың жанына түйіндей батып тұрған түйіткілдер болатын.

Оның басында жердің сатылуы, көпбалалы отбасылардың баспаналы болуы, заңды белден басып жүрген қылмыскерлер жазасының күшейтілуі, микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызметтен үш жыл мерзімге салық төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеу секілді біраз жұмыстарды шешу тапсырылды.

Бұл Жолдау елімізді жаңа бағыттарға, жетістіктерге бастайды деп білемін. Себебі, мұнда елді елеңдеткен көп мәселе түзу жолға қойылды. Бәрінен бұрын ана ретінде, Аналар кеңесінің төрайымы ретінде жүрегімізге бала деп аталатын мәселенің бәрі батады. Қазір елімізде балалар арасында болып жатқан қылмыстық істер, педофилдік жүгенсіздіктер өте көп орын алуда. Бәрінен бұрын осы істі қолға алып, жазаны күшейтуге тапсырма бергені мені қуантты. Себебі, бала – елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы. Бізді тарих сахнасында мәңгі қалдыратын осы ұрпағымыз. Оларды сақтау, қорғау – біздің міндетіміз бен парызымыз.

Мухаббат Миражапова,

Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы

Кейін қарай