31 Қаңтар, 2020
2150
Әзірбайжан Қазақстанның Оңтүстік Кавказ бен Каспий аймағындағы негізгі серіктесі
Елдер арасындағы достықты жоғары бағалаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Әзірбайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі Мемлекеттік комитетімен Ынтымақтастық және 2020-2022 жылдарға арналған бірлескен іс-әрекет жоспары туралы Меморандумға бастамашылық етті.
Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік Комитет Төрағасы Фуад Мурадовпен кездесуде айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Ж.Түймебаев бүгін жұмыс сапарымен Әзірбайжан Республикасында жүр.
«Қазақстанмен бізді достық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстанда тұратын мыңдаған әзірбайжан диаспорасының қоғаммен етене араласып жүргендігі, белсенділігі туралы мәлімет бізді де шын қуантады. Этностарға жасалған мұндай жағдай саяси басшылықтың, соның ішінде әсіресе, Қазақстан халқы Ассамблеясының зор еңбегі деп білеміз», - деді қазақстандық делегациямен кездесуде Фуад Мурадов.
Жансейіт Қансейітұлы Комитет Төрағасымен кездесуде алғашқы сөзді әзірбайжан тілінде амандық-саулық сұрасудан бастады.
Ол Әзірбайжан тарапына тәжірибе алмасу мақсатындағы арнайы шақыртуы үшін алғыс білдірді. Және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың сапалы, жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.
«Әзірбайжан Қазақстан үшін Оңтүстік Кавказ бен Каспий аймағындағы негізгі серіктес. Біздің халқымызды ұзақ ғасырлардан бергі достық, тілдік, мәдени және діни, тарихи ортақ тағдыр байланыстырады», - деді кездесуде Жансейіт Қансейітұлы.
Бүгінгі таңда екі ел арасында өзара сыңдарлы саяси диалог орнатылып, экономикалық ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық байланыс нығая түсуде.
Ж.Түймебаев екі ел арасындағы қарым-қатынасты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағытында тереңдете түсуді ұсынды.
Баку қаласында 1993 жылдан бастап «Әзірбайжан-Қазақстан» Достық қоғамы жұмыс жасап келеді. Ақтау қаласында жыл сайын «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестивалі өткізілуде. 2011 жылы Баку Мемлекеттік Университетінде Абай атындағы қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығы, сондай-ақ, ел астанасында Абай атындағы көше ашылды.
Жансейіт Түймебаев Қазақстанда тұратын әзірбайжан этникалық топтарын екі елдің байланыстырушы көпіріне балады. Сондай-ақ, көші-қон жөніндегі үкіметаралық келісім мен екі ел арасындағы азаматтардың визасыз барыс-келісі үшін жасалған жеңілдіктерді атап өтті.
Ассамблея Төрағасының орынбасары сондай-ақ, екіжақты стратегиялық қарым-қатынасты дамытудың маңызды аспектісі ретінде ҚР Парламенті мен ӘР Милли Меджилисі арасында тұрақты диалог орнатуды ұсынды. «Біз парламентаралық бағыт бойынша ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайынбыз. Қазақстан халқы Ассамблеясынан парламент Мәжілісіне 9 депутат сайланды. Сондай-ақ, Мәжілісте ҚХА-ның құрамында 28 депутат бар депутаттық тобы жұмыс жасайды», - деді Ж.Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Болашақ сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
1 Мамыр, 10:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
1 Мамыр, 09:59
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
2 Мамыр, 19:07
Алматы облысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің кезекті бөлігін жіберді
3 Мамыр, 11:46
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
2 Мамыр, 13:43
Алматы қаласында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда